news-img

Елбасының мерейтойы қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Сыйлығының Лауреаттары мен грант иегерлері онлайн-таныстырылым барысында Қордың кәсіби және шығармашылық саладағы рөлі туралы баяндайды.

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 4 шілде күні Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты: Менің жетістігім» атты грант иегерлерінің жарқын жобаларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді. Белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері, талантты ғалымдар мен ҮЕҰ өкілдері өздерінің шығармашылық жобаларын, қазақстандық қоғамның әлеуметтік әл-ауқатына бағытталған ғылыми ізденістері мен шешімдерін ұсынады.

Тұсаукесерге Astana Musical мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Еслям Нұртазин, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұжымы, Абай атындағы МОБАТ жетекші солисті  Анастасия Кожухарова, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Темірбекова, профессор Қайсар Табынов, ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-химиялық зерттеу және талдау орталығының бас ғылыми қызметкері  Болат Кеңесов, «Луара» қоғамдық қорының директоры Лаура Асырова, «Белсен «Әлеуметтік бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Пармышева және «Ұлттық Дельфий комитеті» КҚ директоры Құралай Туспекова қатысады

Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоры өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде Қордың жүйелі негізде іске асырылатын талантты қазақстандықтарды анықтау және көтермелеу жөніндегі кешенді бағдарламаларының арқасында ғалымдардың, мәдениет қайраткерлері мен әлеуметтік кәсіпкерлердің тұтас тобы өсті. Осылайша, қор еліміздің өркендеуі үшін Тұңғыш Президент Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен жобаларын іске асыруға белсенді тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіби қоғамдастығын ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жыл сайын Ғылым мен мәдениет саласындағы талантты жастарды, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенді өкілдерін іздеуге, қолдауға және көтермелеуге бағытталған ауқымды конкурстық бағдарламалар өткізеді. Олардың ішінде: студенттік Стипендиялар конкурсы, шығармашылық жобалар мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін гранттар алу байқауы, жас ғалымдар мен мәдениет қайраткерлеріне арналған трэвел-гранттар конкурсы, әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсы, ғылым мен мәдениет саласындағы үздік жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алу байқауы, сондай-ақ жергілікті және республикалық деңгейдегі бірқатар мамандандырылған байқаулар бар.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқауларына қатысу – бұл өз талантын мойындаудың тамаша мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар кәсіби өсу, тиімді нетворкинг, тәжірибе алмасу және басқа елдердің өкілдерімен шеберлік үшін өтетін бірегей алаңдар.  Өз саласында ең үздік болу үшін жеке және мансаптық дамудың белгілі бір кезеңдерінен өту қажет. Бұл жағдайда Қордың байқау бағдарламалары ғылымда, шығармашылықта және үкіметтік емес секторда мамандардың қалыптасуы үшін маңызды рөл атқарады.

Тұсаукесер қатысушыларына Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі Әлібек Дінішев құттықтау сөз сөйлейді.

Тұсаукесердің көрсетілімі Қордың YouTube-арнасында өтеді

Күні мен уақыты: 4 шілде сағат 14: 00-де.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Грант иегерлерін қашан хабарлайды