news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 15.06.20 - Ертең, 16 маусымда Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес "ПостCOVID-19: мемлекет пен қоғамның трансформациясы" тақырыбында адам құқықтары, денсаулық сақтау және гендерлік теңдік саласындағы ғалымдар, сарапшылар мен зерттеушілердің қатысуымен онлайн-форматта дөңгелек үстел өткізеді.

COVID-19 пандемиясы кезеңінде үйдегі зорлық-зомбылық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, кибербуллинг, киберқылмыс, жұмыссыздықтың өсуі сияқты әлеуметтік проблемалар сыртқа шығып, күшейе түсті, ал  бюджет қызметкерлерінің, атап айтқанда, мұғалімдердің, дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қызметіне қосымша жүктеме артылды.

Осының бәрі социумның әлеуметтік өзара іс-қимылдың, адамдардың өмір салтының, мәдениет пен саясаттың жаңа жағдайларына бейімделуі контекстінде үйреншікті құндылықтар мен сенімдерді қайта қарастыру үшін негіз болды. Қазақстанды постпандемиялық кезеңде мемлекет пен қоғамның трансформациясы мәселесі толғандыруда. Алайда біздің еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың 2017 жылы ұсынған "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту құралын белсенді пайдаланады. Елбасының идеялары ұлттық құндылықты сақтай отырып, сананың ашықтығы, білім мен инновацияларға ұмтылу, меритократия құру, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм маңызды болып табылатын Ұлт дамуының мемлекеттік бағдарламасына рәсімделгені белгілі.

Алдағы «ПостCOVID-19: мемлекет пен қоғамның трансформациясы» атты дөңгелек үстел түрлі қызмет салаларынан сарапшыларды жинайды, оның ішінде: саясат (заң шығару), ғылым (құқықтану, экономика, әлеуметтану), денсаулық сақтау, үшінші сектор (ҮЕҰ), халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Олар жаһандық сын-қатерлерге қарсы күрес және жаңа шындыққа кірігу контексінде қазақстандық қоғамның одан әрі дамуын талқылайды.

Сонымен қатар, ғылыми кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

  • ПостCOVID: адам құқықтарын сақтау.
  • Пандемиядан кейінгі құндылықтар әлемі: ол қандай болады?
  • Денсаулық сақтау жүйесінің алдына COVID-19 пандемиясының жаңа талаптары.
  • Пандемия кезінде Қазақстандағы балаларды зорлық-зомбылық пен кибербуллингтен қорғау.
  • Пандемияның гендерлік аспектілері.

Дөңгелек үстелге қатысушылар гендерлік теңдік, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, жұмыссыздық және бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік көңіл-күйі мәселелерін шешетін республикалық және өңірлік билік органдары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар үшін кешенді шаралар мен ұсыныстар әзірлемек.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұржан Әлтаев, Снежанна Имашева, Ирина Смирнова; Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова; БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек; Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңесінің басшысы, Елші Дьердь Сабо; Фридрих Эберт атындағы Қордың Алматыдағы өкілдігінің басшысы Толғанай Үмбеталиева; Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Вероника Ващенко; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры, Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің мүшесі Айнаш Ошыбаева; Адам құқықтары жөніндегі ғалым-заңгер, құқық докторы Халида Әжіғұлова; э.ғ.к., Тұңғыш Президент қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі Жанар Темірбекова және т. б. қатысады.

Дөңгелек үстелдің тікелей көрсетілімі 16 маусымда сағат 15:00-де Қордың YouTube-арнасында өтеді.

Тікелей эфир хештегі: #transformationkz2020

Дөңгелек үстел бағдарламасы:  Бағдарлама 16.06.2020.pdf
 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру