news-img

10 маусым 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің қолдауымен ""Science Talks: жас ғалымдар диалогы" ІІ Халықаралық форумы өтеді. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 90 жылдығына арналған Форум онлайн форматта өтеді. Іс-шараға әлемнің жетекші университеттерінің және ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары, зерттеушілері қатысады.

Форумның мақсаты - қазіргі заманғы аграрлық ғылым мен тәжірибенің өзекті міндеттерін шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру және шығармашылық белсенділігін дамыту. Ғылыми кездесу аясында еңбек өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға көмектесетін зияткерлік сандық шешімдер қарастырылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) цифрландыру қауіп-қатерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін және жануарлардың өнімділігін арттыруға, жаңа агротехнологияларды әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік береді.

Форум барысында жас ғалымдар өз елдерінің АӨК инновациялық даму идеяларын, аграрлық нарықты интеграциялаудың жағдайы мен перспективаларын, ауыл шаруашылығын тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз ету мен әлеуметтік-экономикалық дамытуды, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен биоресурстарды ұтымды пайдалануды қарастырады.

Жас ғалымдар мен форумға қатысушылар зерттеулердің осы бағыттарында айтарлықтай жетістіктерге ие, олар жинаған нәтижелер АӨК проблемаларын табысты шешуге ықпал етеді.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының өкілдері, 20 елдің:  Қазақстан, Албания, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Канада, Колумбия, Қырғызстан, Малайзия, Польша, Ресей, Италия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Кореяның жас ғалымдары мен сарапшылары қатысады.

Форум тәжірибемен және нәтижелермен, өзекті ақпаратпен алмасуды қарастырады, ал оған қатысу бірлескен зерттеулер мен тиімді нетворкинг үшін жас ғалымдардың коллаборациясына ықпал етеді.

Форумға қосылу, пікірталасқа қатысу және талқыланған тақырып бойынша сарапшыларға сұрақ қою ашық.

Көрсетілім өтетін арналар:

• YouTube

https://www.youtube.com/channel/UCl7Ho0h39jHJg1Nso7WeyeQ?view_as=subscriber - осы арнаға жазылыңыз, "қоңырау" түймесін басыңыз. Хабар тарату басталғаннан кейін, сіз тікелей эфир туралы ақпарат аласыз.

• Facebook

https://www.facebook.com/profile.php?id=100043580851461&ref=bookmarks  - осы парақшаға жазылу арқылы сіз хабар тарату туралы хабарлама аласыз.

Форумның жұмыс тілі: ағылшын.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 8, сағат 14: 00, бас ғимарат, Қазақ ұлттық аграрлық университеті.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:

  • Бекзат Төрегелдиев: +77028423888, bekkanly@gmail.com
  • Гүлнәр Ахметқанова: +77022559197, akhmetkanova90@gmail.com
  • Абзал Абдраманов:+77779609606, abdramanov.abzal@gmail.com
Түсініктеме қалдыру