news-img

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ-ҚЫЗМЕТІ. ТПҚ. 05.05.20 ж. Жеңістің 75 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Еуразия Телерадио академиясымен бірлесе отырып, тарих ғылымдарының докторы, профессор Лайла Ахметованың «Панфиловшылар: Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабын ұсынды.

Панфилов дивизиясының полктері мен әскери бөлімдері туралы бұрын белгісіз болған жаңа кітаптың тұсаукесері халықаралық сипатта өтті. Онлай-форматта өткен іс-шараға ғалымдар, жазушылар, журналистер, панфиловшы батырлардың туыстары, елшілік өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь және Өзбекстан елдерінің іздеушілері қатысты.

- Бұл кездесу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жылында өте өзекті және отандастарымыздың ерлігі үлгісінде жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие беру қажеттілігімен тығыз байланысты. Посткеңестік елдері азаматтарының тарихында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс ең маңызды орындардың бірін алады. Бұл мақтаныш сезімін тудыратын тарихи оқиғалардың бірі. Сонымен бірге, тарихи жады ұлтты біріктірудің, патриотизм мен азаматтықты қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі, - деді өзінің құттықтау сөзінде Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров. - Біз мұндай еңбектер өткен ғасыр оқиғасын есте сақтап, халқымыздың ұлттық болмысында орын таба алады деп санаймыз. Бұл жобаны жүзеге асыруға Елбасы қорының қатысуы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтарға жасалған құрмет деп сенемін.

«Панфиловшылар: Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабы Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен 1000 тиражбен жарық көрді. Қор 2020 жыл ішінде кітапты Орталық мұрағатқа,  кітапханаларға, мұражайларға және 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен қолбасшылары әскерге шақырылған оңтүстік аймақтардың қорғаныс басқармаларына тапсырады.

Автор өзінің еңбегі туралы әңгімелей келе, кітап танымал-ғылыми әдебиетке жататындығын атап өтті. Бірінші ғылыми бөлімде тек құжаттар жинақталған: мұнда дивизия мен оның полктарының сұрапыл шайқастар күндері туралы әңгімелер жинақталған. Бұл оқиғалар кітаптың үштен бір бөлігін алды. Келесі тарауларда сарбаздар мен дивизия командирлерінің тағдырлары суреттелген. Бөлімде 1941 жылдың 18-19 тамызында Алматыдан  майданға аттанған бөлімнің алғашқы құрамына баса назар аударылды.

Ләйлә Ахметованың келесі деректі туындысына көптеген жаңа материалдар, құжаттар және тұңғыш рет жарық көрген өмірбаяндық фактілер енген. Бұл үшін белгілі тарихшы көп уақытты Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында,  Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Подольск мұрағатында, 1942-1946 жылдардағы отызға жуық сұхбат сақталған Ресей ғылым академиясының орыс тарихы институтының ғылыми мұрағатында, Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында өткізіп, егжей-тегжейлі зерттеулер мен ізденістер жасаған.

- ХХ ғасырда соғыс ардагерлері бізге «Боздақтар - естелік кітабы» туындысын қалдырды, онда қаза болғандар, хабар-ошарсыз кеткендер, жарақаттан қайтыс болған және соғыс кезінде тұтқынға түскендердің тізімі жазылған. Осылайша біз сұрапыл соғыста әрбір екінші жауынгердің қаза тапқанын білдік. Біз, соғыс ардагерлерінің балалары мен немерелері, ХХІ ғасырда жауынгер атанған барлық қазақстандықтың есім атауды жөн көрдік. Алғашқы еңбегіміз әйгілі Панфилов дивизиясының алғашқы құрамына арналды. Сонымен қатар, біздің міндетіміз – із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлерді, оларды Отан үшін жанын қиғандар деп санау. Өз тарихыңды біліп, оны есте сақтауыңыз керек! - деді Ләйлә Ахметова.

Кездесуді  запастағы полковник,  «Арлан» әскери-патриоттық  орталығы» қоғамдық қорының директоры  Аманжол Оразбаев және Еуразия телерадио академиясының президенті Валерий Рузин жүргізді.

- Академик-лингвист Андрей Зализняк: «Ақиқат бар, ғылымның мақсаты - оны іздеу», - деген. Бүгін бізге терең ғылыми ізденістің, көпжылдық еңбектің, үлкен зерттеудің нәтижесі ұсынылды, бұл даусыз шындықты тағы бір мәрте дәлелдейді: Ұлы Отан соғысындағы жеңіс барлық Кеңес Одағының халықтарына, Қазақстан халқына да тиесілі. Тарихи шындықты растау және оны тарихи жадыға сіңіру, адамдардың тағдырын жария ету арқылы  бұл кітап бізге позитивті ұлттық идентификацияның маңызды элементі, өткенің мен бүгініңді саралайтын, болашақты түсіндіретін нүктені айқындап берді, - деді Валерий Рузин.

Кездесу соңында қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеудегі, оның ішінде осындай кітаптарды шығару арқылы тарихи жадыны қалпына келтіріліп, жас ұрпақтың бойында азаматтық тәрбие беруде атқарып жатқан маңызды рөлін атап өтті. Қатысушылар бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдірді.

Кітаптың тұсаукесері сонымен бірге Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның 10 қаласында (Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Павлодар, Қарағанды, Бішкек, Мәскеу, Санкт-Петербург, Волоколамск, Зеленоград) өтеді. Сондай ақ осы қалаларда кітап нұсқасы  Ардагерлер кеңестеріне, әскери институттарға, қорғаныс бөлімдеріне және т.б., мұрағаттарға, мұражайларға, облыстық және университет кітапханаларына, журналистерге тапсырылады.

Еске салайық, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры профессор Л.С. Ахметованың «1941 ж. Брест қамалы. Қазақстан » атты кітабының тұсаукесерін Алматы, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Минск, Брест, Мәскеу қалаларында, және т.б. аудандар мен ауылдарда өткізген болатын.  Автор Брест қамалын қорғаған  Қазақстанның 556 жауынгерң мен командирін және 1941 жылы Брест аймағында соғысқан 200-ден астам қазақстандықтарды тапқан болатын.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру