news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 30.03.20 — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры балалар үйі мен түзету мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері үшін жаңа білім беру жобасын іске қосады. Оған интерактивті семинарлар мен онлайн режиміндегі шеберлік сыныптары кіреді. Жоба «Мен жаңа әлемнің жасампазымын» деп аталады және ол «Аман Келешек» республикалық инклюзивті бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты - қазақстандық жастар арасында креативті ойлау мен шығармашылықты дамыту, өскелең ұрпақтың этикалық мінез-құлық, саналы қарым-қатынас және қоғамдағы мінез-құлық ережелерін, сонымен қатар сыни ойлау қабілеттері, эмоционалды интеллект және тиімді қарым-қатынас туралы түсініктерін дамыту.

Бірінші онлайн семинар 1 сәуірде өтеді. Ол қоғамдағы және Интернеттегі мінез-құлық ережелеріне арналған. Іс-шара бағдарламасында психикалық жылыну, қоғамдағы және Интернеттегі мінез-құлық ережелері туралы интерактивті дәріс, сонымен қатар квест ойыны жоспарланған. Ойын барысында қатысушылар кибершабуылға қатысты жағдайды қарастырады және жағдайдың дамуына байланысты ойдан шығарылған кейіпкерлердің іс-әрекет нұсқаларын таңдайды.

Спикер ретніде адам құқығы саласындағы танымал сарапшы Халида Ажигулова шақырылды. Бапкердің кәсіби мүдделеріне буллинг (кибербуллинг), инклюзия, әлеуметтік зерттеулер, азаматтық қоғамды дамыту және сапалы білім кіреді.

Бірінші семинарды Еуразия технологиялық университеті қолдағанын атап өткіміз келеді.

Бұл бағдарлама оңтайлы дағдыларды игеруге, балалар мен жасөспірімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби бағдарлануын арттыруға бағытталған.

«Мен жаңа әлемнің жасампазымын» инклюзивті жобасына қатысу тегін. Сіз осы жіне келесі семинарларға gulnar@fpp.kz электронды поштасы арқылы тіркеле аласыз.

Орындар саны шектеулі. Іс-шаралар онлайн-платформа арқылы жүзеге асырылатынына қарамастан, жеке шеберлік сыныптары жаттықтырушымен тиімді өзара әрекеттесу және интерактивті форматты сақтау үшін белгілі бір қатысушылар санын қажет етеді.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру