news-img

Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен  дәстүрлі Басин оқуларының аясында өтетін «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» халықаралық студенттік конференцияның жұмысына қатысуға шақырады.  

Конференция 2020 жылдың 30 сәуірінде өтеді. Конференцияның қызмет тілі – қазақша, орысша, ағылшынша. Қатысу әдісі – сырттай (онлайн-режим). 

Конференция ұйымдастырушыларының мекенжайы – Каспий қоғамдық университеті  (Алматы қ. Достық даңғылы, 85А).

Конференцияның ұйымдастырушы комитеті Сіздерді 2020 жылдың 26 сәуіріне дейін конференцияның бағдарламасына енгізу үшін баяндамаңыздың тақырыбын және өзіңіз туралы мәліметтерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабарлауларыңызды сұраймыз. Конференция бағдарламасына енгізу үшін автор туралы мәліметтер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде келесі мәліметтерді көрсетуі тиіс: толық аты-жөні, оқу орны (ЖОО, факультет, курс), автордың мобильді және үй телефоны, электронды поштасы, ғылыми жетекшінің толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы.  Шет елдік қатысушылар баяндама тақырыбы мен өзі туралы ақпаратты орыс және ағылшын тілінде ұсынады.  

Конференция аясында келесі мәселелерді қарау ұсынылады:  

  • азаматтық құқықтың өзекті мәселелері;
  • тұрғын үй құқығының өзекті мәселелері;
  • отбасы құқығының өзекті мәселелері;
  • еңбек құқығының өзекті мәселелері;
  • халықаралық жеке құқықтың өзекті мәселелері;
  • корпоративтік құқықтың өзекті мәселелері;
  • міндеттемелік құқықтың өзекті мәселелері;
  • келісімдік құқықтың өзекті мәселелері;
  • зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелері;
  • патентті құқықтың өзекті мәселелері;
  • салыстырмалы құқықтанудың өзекті мәселелері;
Қатысушылар үшін ақпарат

Конференция жұмысына қатысу үшін баяндама мәтінін (жариялау үшін талаптарға сай рәсімделген) ұйымдастыру комитетіне электронды пошта арқылы жіберу керек. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 2020 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады. 

Конференцияның барлық қатысушылары (студенттер, магистранттар мен докторанттар) ғылыми жетекшінің пікірін немесе рецензиясын ұсынады. Пікір немесе рецензияның скан нұсқасы қатысушының баяндамасымен бірге жіберілуі тиіс.  

Конференцияға қатысу тегін. Конференция материалдары жарияланады.

Конференция аясында ғылыми жарияланымдардың деңгейін арттыру мақсатында «Үздік ғылыми мақала» байқауы өтеді. Байқаудың нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталады, марапаттау «Тірегі сендер елімнің» атты VI Республикалық студенттік фестиваль аясында өтеді.

Мақаланың көрнекілігіне қойылатын талаптар:

Мақала көлемі, аннотацияларды, сілтемелерді қоса алғанда, басылған нұсқадағы 10 беттен аспауы керек. Мақаланың ең аз мөлшері - 5 бет. Мақала беттері нөмірленуі керек. ӘОЖ коды көрсетіледі.

Авторлар, авторлар туралы ақпарат, мақаланың атауы, реферат және кілт сөздер мақала жазылған тілде және  орыс/қазақ және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Аннотация мәтіні баяндама басында орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде орналасуы керек (8-10 жол болуы міндетті) Әр аннотация алдында аты-жөнін, оқу орнын (университет, факультет, курс), мақаланың тақырыбын аннотацияның сәйкесінші тілінде жазу керек. Бұдан әрі аннотациядан төмен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кілт сөздер аннотацияның сәйкесінші тілінде жазылады.  

Аннотация - бұл ғылыми мақала мазмұны туралы қысқаша мәтін. Кілт сөздер мақаланың мазмұнын толық ашуды қамтамасыз етуі керек, кемінде 5-10 кілт сөз (keywords)  көрсетілу керек.  

Мәтін Word бағдарламасының кез-келген нұсқасында терілуі мүмкін. Мәтін шрифті -  Times New Roman, қағаз форматы А4 (210*297 мм), кегль көлемі - 12 пт. Жол интервалы - біркелкі. Ені бойынша теңестіру. Абзацты шегініс - 0,8 см. Жоғарғы жол - 2, төменгі - 2, сол жақ - 2, оң жақ - 2. 

Мәтінге жасырылған пішімдеу таңбалары енгізілмеуі керек. Мәтін жақтаулармен, кестелермен және көрінетін немесе жасырын шекаралары бар басқа нысандармен жасалмауы керек.

Баяндамада сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер болмауы керек.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және жинақтау ережелері» ГОСТ 7.1–2003 сәйкес жасалады. Пайдаланылған дереккөздер тізімі мақала мәтінінің соңында/кейін орналастырылады.

Мақала мәтініндегі дереккөздерге сілтемелер,  тек тік жақшада беріледі (дәйексөзсіз [1], автордың мәтініне сілтеме жасағанда немесе кері қайтарғанда [1, 29 б.]).

Мақаладағы сілтемелерді нөмірлеу мақалалар тізіміндегі дереккөздің реттік нөміріне (пайдаланылған дереккөздердің тізімі) сәйкес жасалады. Сілтемелер нөмірленуі мәтін пайда болғанда/пайдаланылғанда орындалады (1, 2, 3, ... және т.б. басталады). Бір көз бір рет нөмірленеді. Мұрағаттық материалдар тізімге енгізілмейді, олардың сілтемелері мәтінде жақшаға орналастырылады.

Мақалада электрондық ресурстарды немесе қашықтықтан қол жетімділікті (Интернет) пайдалану кезінде дереккөздің библиографиялық жазбасы және Интернеттегі толық желілік мекен-жайы бар желілік ресурстарға сілтеме ұсынылған. Міндетті түрде ресурсқа кіру күнін белгілеңіз.

МЫСАЛЫ (библиографиялық ақпараттар мысалға алынған):

Кітаптар үшін: Автордың аты-жөні. Атауы – басылымның қайта басылып шығу туралы ақпараты – Басылып шыққан орны: Баспа, басылып шығу жылы – Кітаптың беттер саны. 

Мысалы:

Басин Ю.Г. Азаматтық құқық туралы таңдамалы шығармалар. — 3-і басылым. — СПб.: 2003. — 294 б.

Журналдардан алынған мақалалар үшін: Автордың аты-жөні. Мақаланың атауы// Басылымның атауы. (Серия). — Шығу жылы. — Том. — Нөмір. — Мақала жарық көрген беттер (мақаланың басынан аяғына дейін).

Мысалы:

Брызгалов А.И. «Қазіргі кезеңдегі заң ғылымының кейбір теориялық және әдіснамалық мәселелері туралы» // Мемлекет және құқық. — 2004. —№ 4. — Б. 17–22.

Конференциялар, еңбек жинақтары және т.б.: Автордың аты-жөні. Мақаланың атауы// Басылымның атауы: Басылым түрі. — Басылымның орны, жылы. — Том. — Нөмір. — Мақала жарық көрген беттер (мақаланың басынан аяғына дейін).

Мысалы:

Диденко А. Азаматтық құқық құқықтық шындықтың қайнар көзі ретінде// VI Азаматтық заңнама: Мақала. Пікір. Тәжірибе. – 40-Шығарылым /А.Г. Диденко редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2015. -  Б. 4-24.

Амангалиева А.З. Лицензиялық келісімнің құқықтық табиғаты//Қазіргі әлемдегі азаматтық құқық: ұлттық заңнаманың дамуына әсері: Халықаралық мерейтойлық ғылыми-практикалық конф материалдары. (дәстүрлі цивилистикалық оқулар аясында) цивилистикалқ оқулардың 20 жылдығы аясында (Алматы, 17-18 мамыр 2018 ж.) / Жауапты. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы, 2019. – Б. 393-402.

Диссертациялар мен  диссертацияның авторефераты үшін:

Мысалы:

Фролова Е.Е. Ақша айналымы саласындағы мемлекеттік қаржылық бақылау: дис. ... заң ғыл. докт.: 12.00.14 / Фролова Евгения Евгеньевна. - Москва, 2011. - 488 б.

Фролова Е.Е. Ақша айналымы саласындағы мемлекеттік қаржылық бақылау: дис.авторефераты... заң ғыл. докт: 12.00.14 / Фролова Евгения Евгеньевна. - Москва, 2011. - 54 б.

Электроды немесе қашықтықтан қол жетімді ақпарат көздері (Интернет):

Мысалы:

  1. «Акционерлік Қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 13 мамыр 2003 жылғы № 415-II  Заңы (өзгертулер мен толықтырулармен) [Электронды ақпарат көзі] // ПАРАГРАФ Ақпараттық жүйесі - URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1039594 (Ресурсқа кіру мерзімі: 28.05.2019).
  2. «Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне Ресей Федерациясының Орталық банкіне қаржы нарықтары саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау өкілеттіктерін беруге байланысты өзгерістер енгізу туралы» 23.07.2013 № 251-ФЗ Федералды заңы [Электронды ресурс] // СПС КонсультантПлюс: Заңнама: Проф. Нұсқасы – URL: http://base.consultant.ru/cons/cgi/online. (Ресурсқа кіру мерзімі: 01.02.2015).
  3. Никитин В.К. Орыс революциясының тарихы [Электронды ақпарат көзі] // Орыс тарихының әлемі: Росей электронды журналы. – 2015. – № 1. – Қолжетімді режим: http://www.history.ru/ (Ресурсқа кіру мерзімі: 10.03.2015).

Автор қолданылған дерек көздердің тізіміне ағылшын тілінде транслитерация жасауға міндетті, олар мақаланың соңында жазылады.  Оны келесі сілтемеге өтіп жасауға болады:  http://www.russki-mat.net/trans2.html

Мысалы:

Didenko A. Grazhdanskoye pravo kak istochnik formirovaniya pravovoy deystvitelnosti // VI Grazhdanskoye zakonodatelstvo: Statyi. Kommentarii. Praktika. – Vyp.40 / Pod red. A.G. Didenko. – Almaty: Raritet, 2015. -  S. 4-24.

Мақаланы рәсімдеудің схемалық мысалы

• ӘОЖ.

• Ортаға келтіріледі: 

- Автордың аты-жөні (мыс.: И.В. Иванов, С.П. Крылов) 

- Автор ұсынған мекеменің толық атауы (ел мен қала атауын көрсету керек). Егер авторлар әр түрлі мекемелерден болса, онда автор мен мекеме арасындағы сәйкестік жол индекстерімен орнатылады, мысалы: 

И.В. Иванов1, С.П. Крылов2
              1Каспий қоғамдық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
              2Экономика және құқық нститутыва, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
           Мақала атауы (қаралау жазумен) 

• Аннотация (Аңдатпа, Annotation). 
         • Түйінді сөздер (Түйінді сөздер, Keywords).
         • Мақала мәтіні.
         • Әдебиет (қолданылған ақпарат көздерінің тізімі).
         • References (транслитерация).
         • Мақала соңында үш тілде автор, оқу орны (толық аты-жөні, ЖОО, факультет, курс) туралы ақпарат көрсетіледі.

Рәсімдеу мен мазмұнның талаптарына сәйкес келмейтін баяндамалар  жарияланбайды. Ұйымдастыру комитеті жіберілген баяндамаларды таңдауға және плагиаттың бар-жоғын тексеруге құқылы.

Ұйымдастыру комитеті ең үздік баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады (1,2,3 орын), олар кейіннен «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалі аясында атап өтіледі.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті: з.ғ.д., профессор Диденко А.Г., з.ғ.д., профессор Мороз С.П., з.ғ.д., профессор Алиханова Г.А., з.ғ.д., профессор Акимбекова С.А., з.ғ.к., «Әділет» ЖҚМ қауымдастырылған профессоры Караев А.А., з.ғ.к., «Әділет» ЖҚМ қауымдастырылған профессоры Нестерова Е.В., з.ғ.к., «Әділет» ЖҚМ қауымдастырылған профессоры Калимбекова А.Р., з.ғ.м., «Әділет» ЖҚМ сеньор-лекторы Тлешалиев Н.Д., з.ғ.м., «Әділет» ЖҚМ сеньор-лекторы Амангалиева А.З., з.ғ.м., «Әділет» ЖҚМ сеньор-лекторы Сулейменов Н.С., з.ғ.м., «Әділет» ЖҚМ сеньор-лекторы Максатов Н.С.

Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші цивилист ғалымдары құрметті қонақ ретінде қатысады.

Үйлестірушілер:

Амангалиева Айжан Зингалеевна
(орыс тіліндегі баяндамалар үшін)
8 (777) 588-02-15
е-mail: ayzhan.amangalieva@mail.ru
Алматы қ., Достык даңғылы, 85А,
каб.210

Максатов Нуржан Ришатович
(қазақ тіліндегі баяндамалар үшін)
8 (747) 107-52-54
е-mail: nureke259@mail.ru
Алматы қ., Достык даңғылы, 85А,
каб.210

Сулейменов Нариман Сапарович
(ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін)
8 (777) 827-33-31
е-mail: narimans1991@yandex.kz
Алматы қ., Достык даңғылы, 85А,
каб.210

Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті

Түсініктеме қалдыру