news-img

Бүгінгі таңда қашықтан білім беру өзекті мәселенің бірі. Электронды кітапханалар, өзін-өзі дамыту вебинарлары, онлайн курстар, тренингтер және тіпті форумдардың барлығы әр қайсымызға үй жағдайында қол жетімді. Ұзақ мерзімге созылған демалыстар жас қазақстандықтардың  бәсекеге қабілетті болуға бағытталған талпынысын арттыруға қосымша  мүмкіндіктер берді. Осыған орай оқырмандарымызға  Kobyzbook жобасы туралы тағы бір мәрте еске салуды жөн көрдік.

Kobyzbook - кәсіби қобызшыларға және аспата ойнауды үйренгісі келетіндерге арналған мобильді қосымша мен веб-сайт. Жоба авторы - фольклоры-этникалық музыканың тыңдаушыларына танымал, «Тұран» ансамблінің әншісі, талантты музыкант және ұстаз Мақсат Медеубек. Өзінің инновациялық жобасын жүзеге асыру үшін ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының грантын жеңіп алған болатын.

Kobyzbook электронды оқулығында қобызға арналған күйдің 180 астам аудио нұсқасы, олардың шығу тарихы, аңыздар жинақталған. Сондай-ақ, оқулықта әр шығарманың нотасы, аранжировкалардың бейне және аудио нұсқасы және оларды орындау техникасы бойынша ұсыныстар берілген.

Сонымен қатар, ұлттық музыка тарихын зертеп жүргендер Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Нышан, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев және басқада күйшілердің өмірімен, шығармашылығымен таныса алады. Ал өткен теориялық материалды бекіту үшін сынақтан өту қарастырылған.

Қобыз үйрену оқулығы электронды форматта болғандықтан, сіз қайда жүрсеңізде оны пайдалана аласыз. Ал егер оны гаджетке жүктеп алсаңыз  Kobyzbook әрдайым сіздің жаныңызда болады.

Ұзаққа созбай қобызды қолыңызға алыңыз да, kobyzbook.kz сайтындағы алғашқы бейне сабақты қосыңыз. Сізге шығармашылық табыс тілейміз!

Сондай ақ мәдениет және өнер саласында 30 маусымға дейін шығармашылық жобаларды жүзеге асыру граттарын үлестіру байқауы өтіп жатқандығына назар аударамыз. Барлық қосымша ақпаратты сілтеме арқылы өтіп танысуға болады. Зерттеңіз, шығармашылықпен айналысыңыз, жеңіске жетіңіз, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесіңіздің маңыздылығына сеніңіз!

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры
Баспасөз-қызметі
 PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13

pr.zhumashev@gmail.com

www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру