news-img

Алматыда «Central Asia Youth Festival» І Орталық Азия жастар фестивалі аяқталды.   Орталық Азия елдерінен 300 – ден астам жас адам үшін ауқымды диалог алаңын Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры болды. Екі күн бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдері «Шымбұлақ» курортының аумағында панельді сессияларға, шеберлік сабағына, арт-перформанстарға және орасан зор open air-ге қатысты.

Central Asia Youth Festival миссиясы Орталық Азия өңірінің жалпы проблемаларын шешу және волонтерлік, стартаптарды әзірлеу, әлеуметтік жобаларды іске асыру және ғылыми зерттеулер жүргізу сияқты салалардағы одан әрі халықаралық ынтымақтастық үшін жастарды біріктіруден тұрады.

Белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет саласының сарапшылары, спортшылар мен жастар қозғалысының көшбасшылары фестиваль қатысушыларымен тәжірибе мен білімдермен бөлісті, оларды табысқа шабыттандырды және өзінің кәсіби жолы туралы әңгімеледі. Панельдік сессиялар мен мамандандырылған шеберлік сабағында жастар мақсатты қалай қою және қол жеткізу, идеяларды қалай генерациялау және жаңа жобаларды жасау, өзін өзі қалай жүзеге асыру және қоғамға пайдалы болу туралы көптеген тәжірибелік ақпаратты алды.

Жаңа жобаларға тоқталатын болсақ. Central Asia Youth Festival-дің басты ерекшеліктерінің бірі жобалық жұмыс болып табылады. Қатысушылар барлығына қолжетімді орта, Ортаық Азиядағы жастар мәселесі және экологиялық жағдай секілді әлеуметтік мәселелердің жаңа шешімдерін әзірлеу, сондай-ақ өздерінің кәсіпкерлік таланттарын көрсету үшін бірінші күні бес командаға бөлінді.  Екінші күні жобаларды таныстыру өтті. Бес минут ішінде әр команданың спикері өз жобасының идеясымен таныстырып, оны қорғап шығу қажет болды. Қалғандары тыңдап, ұсынылған шешімдерді зерделеп, сұрақтар қойды. Содан кейін қатысушылар дауыс беруге кірісті – арнайы бюллетеньде ұнаған жоба үшін дауыс беру қажет болды.

Жоба жұмысының жеңімпаздарын фестивальдің жабылу рәсімі барысында атап өтті, онда Тұңғыш Президент Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов құттықтау сөз сөйледі:

— Бұл фестиваль өзінің бағытымен Елбасы Қорының басты мақсаттарының бірі- талантты жастардық қолдауды жүзеге асырады. Шын мәнісінде, бұл фестиваль талантты жастарды қолдайды, соның ішінде қоғамдық өмірде, ғылымда үлкен жетістіктерге жеткен, және өз  тәжірибесімен бөлісуге дайын жастарға қолдау көрсетеді. Фестивальдің маңызды ерекшеліктерінің бірі, оның заманауи өмірің кең ауқымын қамтуында болып табылады- бұл ІТ-технологиялар, жастардың өзін өзі кәсіптік жүзеге асыру мәселелері, әлеуметтік жобалар әзірлеу. 

Дауыс беру қорытындылары бойынша, екі команда жеңімпаз атанды. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында «Экология» командасы жүлделі болса, «Үздік бизнес-жоба» номинациясында «Бизнес 1» командасы жүлдені алды. Олар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорынан арнайы сыйлықтар алды. Айта кетерлігі, бес команданың әрқайсысының құрамында әр елден қатысушылар болды. Ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша, жобалық жұмыстардың бұл конкурсы – бұл жарыс емес, ал онда жеңіс ең бастысы емес. Central Asia Youth Festival-дің бұл блогының негізгі міндеті –  әр елдің қатысушыларын бір-бірімен таныстыру, оларды командада жұмыс істеуге және әр түрлі кедергілерге қарамастан жоба құруға үйрету.

I Орталық Азия жастар фестивалінің қатысушылары қарарды оқи отырып, іс-шара жыл сайын өткізілетін оқиғаға айналып, өзінің географиясын кеңейтетініне сенім білдірді.

— Бірінші Орталық Азия жастар фестивалінің ұйымдастырушыларына алғыс білдіргім келеді! Барлығы жоғары деңгейде болды: сауатты спикерлер, мазмұнды бағдарлама, керемет орын — мұның бәрі Central Asia Youth Festival туралы. Тұңғыш Президент Қоры —жоғары деңгейдегі ұйымдастыру, сауатты модераторлар жұмыс істегені көрініп тұр, бұл үшін ерекше құрмет. Дәрістерді ұйып тыңдадық. Жастар қажетті білім алып, тәжірибе алмасты, — деп өз әсерімен бөлісті Қазақстанның қатысушысы  Рузи Шихов.

Өзбекстаннан келген делегат Мохира Зухурова фестивальдің арқасында өзінің дағдыларын жүз пайызға жетілдіргенін мәлімдеді.

— Central Asia Youth Festival мен үшін Қазақстандағы алғашқы фестиваль. Мен жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін барлығына шексіз ризамын және фестивальдің жыл сайын өткізілуіне тілектеспін. Мұнда Орталық Азия елдерінің ең прогрессивті, өршіл және перспективалы жастары жиналды, — деді фестивальдің тағы бір қатысушысы Алан Кулкаев.

— Бірінші Орталық Азия жастар фестивалі біздің өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тетіктері мен нормаларын тиімді енгізу бойынша жаңа көзқарастар мен ұсыныстар енгізуді көздеді. Халықаралық тәжірибе алмасу жастардың мүдделерін нығайтудағы маңызды фактор болды. іздің қарым-қатынасымызды тереңдетуде мүдделердің ортақтығы үлкен рөл атқарды. Осы фестивальден кейін біздің елдеріміздің жастары бір-бірін біліп қана қоймай, мейірімділік, достық, махаббат және өзара түсіністік тілінде сөйлеуі тиіс. Осы тамаша жастар фестивалінің барлық ұйымдастырушыларына қуаныш пен қонақжайлығы үшін алғыс айтамын. Біз бірге белгіленген мақсаттарға міндетті түрде қол жеткізетінімізге және біздің елдеріміздің жастары арасындағы диалогты өзара түсіністіктің жаңа деңгейіне шығара алатынымызға терең сенімдімін, — деп қорытындылады Өзбекстанның Жастар одағының Ташкент қалалық кеңесінің төрағасы Акмал Жумабоев.

Фестиваль ашық аспан астындағы концертпен және қатысушылар үшін ойын-сауық бағдарламасымен аяқталды.

Түсініктеме қалдыру