news-img

Алматыда 27 мамыр күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен әлеуметтанушы-студенттер мен әлеуметтік жұмыстың жас мамандары үшін апталық мектеп басталды. Олар үшін Қазақстан, АҚШ, Ирландия және Ұлыбританияның профессорлары үлкен дәрістер циклын дайындады. Шетелдік сарапшылар мен студент жасар адам құқықты, әлеуметтік әділдік және қоғамдағы бейзорлық мәселелерін талқылайды.

«Әлеуметтік жұмыстағы алуан түрлілік және әлеуметтік әділдік: зерттеу, тәжірибе және білім беру» болашақ әлеуметтанушылар үшін ірі білім беру алаңы болып табылады. Қазақстандық студенттермен қатар, іс-шараға Гонконг, Канада және Қытайдан студент жастар қатысады.

Мектептің жұмысын аша отырып, Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров былай деді:

— Бұл мектептің мазмұнды бағдарламасы іс-шаралардың барлық қатысушыларын қоса отырып тиімді нетворкинг қалыптастыруға ықпал етеді. Іскерлік байланыстар орнату тәжірибесі оқушы жастар үшін болашақта жұмысқа орналасқанда мықты демеу болады. Алайда қатысушы-студенттер үшін бірінші кезектегі міндет- әлеуметтік жұмыстың тәжірибеші мамандарының аузынан кәсіптік білім алу болып табылады».

Мектеп аясындағы жарқын іс-шаралардың бірі Роберт Гиллиганның лекциялар сериясы болады. Дублиндік Тринити-колледждің профессоры осал жастармен әлеуметтік жұмыс істеудің ерекшелігі туралы айтады. Сондай-ақ оның дәрістерінің арқасында мектеп қатысушылары балалармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері және Еуропа елдеріндегі жастарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы біледі.

Алынған білімдерін қатысушылар тәжірибемен бекітеді. Осы мақсатта олар Тұрмыстық зорлық құрбандарының баспанасына және Ана үйіне барады. Бұл мекемелердің қызметкерлері әлеуметтік қызметер қалай жұмыс істейтіндігін және бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға қалай көмектесетіндігін айтады және көрсетеді.

Түсініктеме қалдыру