news-img

Алматыдағы Оқушылар сарайынының сахнасы бір күнге нағыз жас таланттар мерекесіне айналды. Осымен оныншы рет Тұңғыш Президент Қоры мен Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қор «Мейірім-2019» балалар шығармашылығы конкурсын ұйымдастырды.  Жоба қатысушылары оңтүстік астананың әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілері болып табылады.  

«Мейірім» балалалар шығармашылығының конкурсы екі номинация бойынша өтеді. Бірінші – сахна шеберлігі. Бұл номинацияда балалар вокал, хореография, аспаптық орындау және ерекше жанр бойынша өз таланттарын көрсетеді. Ал екінші номинацияда конкурс қатысушылары бейнелеу және сәндік-қолданбалы сипаттағы өз жұмыстарын ұсынады.

Биылғы жылы «Мейірімге» Алматының 15 мекемесінен мыңнан астам бала қатысты, оның ішінде жетім балалар мен мүгедек балаларды біріктіретін түзету мектеп-интернаттары, балалар үйлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар бар.

Талантты балалардың «Мир, который нужен мне», «Нұрлы көктем», «Ақ мамам», «Ерікті елім», «Өмір әнім», «Тәуелсіз қазақтың қызымын!», «Отан Ана» және тағы басқа көптеген композицияларды орындады. Хореографиялық нөмірлерден конкурс қатысушылары   «Хорошее настроение», «Бипыл», «Сәнқойлар», «Танец с зонтиками», «Болашаққа қадам» билерін ұсынды.

Жас дарындардың конкурстық жұмыстарының экспозициясы сәндік диптихтер мен триптихтер, еліктіретін паннолар, ерекше жәдігерлер, сондай-ақ натюрморттар, пейзаждар мен көркем суреттерден тұрды. Өз жұмыстарын сәндеу үшін қатысушылар ағаш, қағаз, киіз, мата, полимер балшық, жүн және т.б. қолданған.

Кез келген конкурстағы секілді, «Мейірімде» де жеңімпаздар мен жүлдегерлер болады. Олардың есімдері мамыр айының соңында өтетін Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған бір аттас фестивальде белгілі болады. Жоба қатысушылары мен фестиваль қонақтары үшін үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Түсініктеме қалдыру