news-img

НҰР-СҰЛТАН. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Ертең, 16 қаңтар, 2020 ж., елордада ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен – "You can BI" жастар және рекреация орталығының ашылуы өтеді. Жоба "Zamannyn` ziatker jastary - vision of the future" әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының қорытындысы бойынша алынған қордың гранты есебінен жүзеге асырылады.

 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсының мақсаты азаматтық қоғамды дамыту, өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге оның институттарының әлеуетін тарту, start up одан әрі қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.

 

Жобаның негізгі мақсаты мен идеологиясы "You can BI" орталығының атауында белгіленген: ол дуологиялық құрамдас бөлікке ие бола отырып – Сенің ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕДІ/БИЛЕЙ АЛАСЫҢ дегенді білдіреді.

 

"You can BI" жастар және рекреация Орталығының бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту құралы ретінде құрылған. Олар бірегей атмосфераны қалыптастырады, онда бір-екі би мүгедектерді оңалтудың, әлеуметтік бейімдеу мен ықпалдастырудың, олардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі болады.

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бимен айналысуға тарту әлеуметтік және рухани-адамгершілік әлеуетті арттырудан басқа, халықтың осы тобының жұмысқа қабілеттілігі мен өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

 

Орталықтың ашылуында Қазақстан Республикасының жұптасқан биден құрама мүшелері, Әлем және Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетулері, қалалық және республикалық мүгедектер бірлестіктерінен вокалдық жанрдың талантты орындаушылары өнер көрсетулері, сондай-ақ орталыққа барғысы келетіндерге арналған ашық сабақ жоспарланып отыр.
 
Жобаның авторы федерацияның президенті, еңбек сіңірген спорт қайраткері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Түсіпбекова Әлия Майданқызы тұлғасындағы "Қазақстан Республикасының Би Жұбы Федерациясы" ЗТБ болып табылады.
 
 
 
Басталуы сағат 16: 00.
 
Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «BI CITY SEOUL» ТК, E-49, 3/3, А блогы мекен-жайы бойынша.
 
Байланыс телефоны:
 
+7 701 999 34 87 – Алия Тусупбекова.

 

Түсініктеме қалдыру