news-img
Құрметті достар!

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жаңа бастамалары аясында «EL ÚMITI - алғашқы өркендеу-онлайн платформасы» - www.fpp.kz жұмысын бастады. EL ÚMITI - келешектегі ұлт келбеті – бүгінгі жастарға артылған зор үміт. Портал өз қабілеті мен дарынын дамытып, еліміздің өркендеуіне үлес қосқысы келетін қазақстандық жастарды іздеу мен қолдауға бағытталған. Сондықтан біз жобаның барлық қатысушыларына пайдалы ақпарат алуға, жаңа көкжиектерге жол ашуға, өз потенциалын дамытуға зор мән береміз. EL ÚMITI онлайн-платформасы EL ÚMITI бастамасының жобалар операторы - Елбасы Академиясы командасымен жүзеге асырылды. Платформа тұжырымдамасы барынша ашықтыққа, қолжетімділікке және серіктестер мен қолданушылар үшін ыңғайлы болуға негізделген. Порталда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының өзекті жобаларымен танысып, оларға қатысуға, тегін білім беру ресурстары мен гранттарын пайдалануға, жеке блог жүргізіп, достарымен жаңалықтармен бөлісуге, кәсіби қызығушылыққа сай қоғамдастықтар құруға болады. Бұл блоггинг пен әлеуметтік желі элементтері бар еліміздегі алғашқы және бірігей платформа.

 

Біз мектеп оқушыларын, студенттерді, тәжірибелі мамандарды, әсіресе дарынды балалар мен ата-аналарды біріктіретін кең аудиторияны қамтуды көздейміз. Сіздерге біздің онлай-платформаның алғашқы нұсқасын ұсынамыз. Жаңа модульдер жақын уақытта әзірленіп, іске қосылады. Біз модульдер шешімін таңдау барысында отандық компанияларға басымдық береміз, портал қызметінің талаптары жоба бөлімдерінде ашық жариялымда болады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының www.fpp.kz - EL ÚMITI қауымдастығына қосылуға шақырамыз.

Құрметпен,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының
Атқарушы директоры
Қанат Жұмабаев

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Дым ашылмайды

comments-author-avatar
Уялы тел ном калдырынызшы