news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры 5 шілде күні «NUR-SULTAN QUEST-2019» ұйымдастырды.

Квесттің мақсаты - демалысты және олардың Нұр-Сұлтан қаласымен жақын танысуын ұйымдастыру арқылы азаматтардың астананың тарихы мен архитектурасына деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету.

«NUR-SULTAN QUEST-2019» - бұл жұмбақтар мен ойжұмбақтардан құрылған бағдарлау элементтері бар қала ойыны.

Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде белсенді аккаунт, өзімен бірге интернетке және әлеуметтік желілерге кіре алатын және QR- кодтарды оқуға арналған бағдарламасы бар телефон болуы қажет болды.

Қаланың 13 көрнекі жерінен өту ұсынылды, олардың 9-ы- баруға міндетті негізгі жерлер. Алдын ала дайындалған маршрут бойынша кез келген объектіге бара отырып, қатысушылар сұрақтар мен ребустар түріндегі тапсырмаларды орындауы тиіс болды. Тапсырмалардың жауаптарында келесі объектінің ататуы туралы ақпарат жасырынған болатын. 

Әр объектке бара отырып, «NurSOULtan» сөзінің бір бөлігі болып табылатын үлкен көлемді әріппен сэлфи жасап, сол суретті Инстаграмға салып , #NURSOULTAN, #YOURSOULISHERE,  #ТВОЯДУШАЗДЕСЬ және @fpp_kz хэштегтерін қою қажет болды.

Осының барлығын сәтті орындау финалдық кезеңге-жүлделер ұтысына қатысуға негіз болды.

Қатысушылар жергілікті жерге бағдарлау және ақпарат алу үшін карталарды, компастарды, іздеу жүйелерін және басқа да атрибуттарды пайдалана алды.

«Астана» концерт залының алдындағы алаңда қызықты ойынның қорытындысы шығарылды.

Жеңімпаздар лотереялық барабанда орналасқан купондарды кездейсоқ таңдау арқылы анықталды. Осылайша, квесттің 15  қатысушысы тұрмыстық техника алуға сертификаттар алды (әрқайсысы 50000 тг сомасындағы 5 сертификат, 75000 тг сомасындағы 5, 100000 тг сомасындағы 5). Сонымен қоса, ондаған сыйлықтар- Нұр-Сұлтан қаласы туралы баспа өнімдері, жейдешелер және қалпақтар таратылды.  Танымдық ойын, сыйлықтар алғандардан қатысушылар арасында жағымды эмоциялар тудырды.

          - Мен жеңгендердің бірі болғаныма өте қуаныштымын! Конкурсқа қатысуға шешім қабылдай отырып, мен жалға самокат алдым, себебі қала кішкентай емес және үлкен қашықтықтарға жету қажет болды. Бүгін тапсырмалардан өткенде, мен өзімнің жеңетініме сендім. Менің уақытым аз қалды және барлық жерлерден өтіп үлгермедім, бірақ Квест уақытында маған қатысушылар автокөлікпен қозғалуға көмектескендіктен менің жолым болды. Бұл уақытты үнемдеді және мен үлгердім. Ұйымдастырушыларға рахмет! Керемет іс-шара,- дейді жеңімпаздардың бірі Айгерiм Ауелханова.

            - Мен Квест жайында Инстаграмдағы жарнамадан білдім. Бүгін достарыммен ойынға қатыстым. Біз барлық объектілерді бәрінен тез өткендердің біріміз. Квест уақытында қала туралы көп білдім, көптеген керемет эмоциялар алдым. Жеңгеніме өте қуаныштымын! Бүгін тамаша күн болды,- деді келесі жеңімпаз Демижан Темiржан.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру