news-img

Алматыда 11 және 13 мамыр аралығында А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 85-жылдық мерейтойына арналған «Өрлеу» балет мектептерінің V халықаралық фестивалі өтті.

Биылғы жылы Тұңғыш Президент Қоры мен Селезнев атындағы хореографиялық училищенің жобасы өзінің алғашқы мерейтойын атап өтті. Балет мектептерінің бесінші фестиваліне Алматыда таяу және алыс шетелдің үздік хореографтары жиналды. Үш күн бойы аты аңызға айналған «селезневка» әдемі би мерекесіне айналды.

«Өрлеудің» шығармашылық өмірінің алғашқы күнінен бастап Тұңғыш Президент Қоры Алматы хореографиялық училищесінің идеясына қолдау көрсетіп келе жатыр. Брендке айналған идея-жоғары өнерге жанымен берілген жастарды анықтау және қолдау миссиясымен біріккен екі ұйымның визит карточкасы.

— Бесінші фестивальдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Қазақстандағы Жастар жылымен  сай келуі тегін емес. Қазақстандық жастардың қызығушылықтары,ықыластары мен потенциалы бүкіл елдің назарында. Конкурстар, гранттар және фестивальдер түріндегі жаңа жолдар мен кең мүмкіндіктер жас қазақстандықтарды бәсекеге қабілетті және өз істерінің нағыз шеберлері ете отырып, олардың терек және шексіз потенциалын ашуға ықпал етеді, — деп атап кетті Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров. — Біздің осы фестивальдің аясында бірнеше жыл осы міндетті сәтті орындап келе жатқанымыз қуантады. «Өрлеу» фестивалінің алғашқы конкурсанттары мен қатысушылары, өз істеріне толықтай беріліп, өздерінің балет мектептерін, педагогтарының есімдерін және өз елдерінің туын әлем бойынша танытып жүр.

Фестивальдің барлық күндері жасампаздық пен мәдени өзара алмасу атмосферасында өтті. Көрмелер, шеберлік сабағы мен дайындықтар - фестиваль барлық қатысушылардың шығармашылығына, білім алуына және үлкен әріптестерінің үлгісінен шабыт алуына бар жағдайды жасады.

Фестивальдің бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрды - «Уақыт- байланыстырушы желі» атты қазақ сахналық костюмдерінің экспозициясы, «Биге апарар жол» атты фотоэкспозиция, «Би бояулары» атты көркемдік көрме, «Жаһандандыру дәуіріндегі заманауи өнер және білім» атты конференция, «ХХІ ғасыр балеті - мектепті таныстыру және хореографиялық білім беруді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел, «А.В.Селезнев атындағы АХУ бүгін» атты фильмнің тұсаукесері және хореографиялық бағыттағы студенттерге арналған шеберлік сабағы.

Мерекелік фестиваль Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасындағы гала-концертпен аяқталды. Айта кетерлігі, гала-концертті Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, хореограф Анвара Садыкованың «Тұран дала- қыран дала» атты қойылымы ашты. Балет қазақ халқының аңыздары мен әңгімелері желісінде қойылды.

«Өрлеу» таяу және алыс шетелдің жас хореографтары үшін маңызды кезең - үлкен шығармашылық жолға апарар өзіндік бір трамплин болды. Аттас конкурспен қатар, фестиваль Қорымыздың жүйелі және дәстүрлі жобаларында ғана емес, Қазақстанның мәдени картасында да тұрақты орын алды.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Фотограф: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру