news-img

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылым бойынша Кеңестің мүшелерімен кездесулер - бұл физика, әлеуметтану, тарих немесе медицина бойынша білімдерге шомып, энциклопедияны ашумен бірдей. Бұл әрине түсінікті, себебі оның құрамына қазақстандық ғылымның үзік өкілдері кіреді. Кеңес өткізетін шеберлік сабақтары, ғылыми мектептер мен форумдар, жаңа білім алуға ұмтылатын жандар мен өзіне технологиялар мен инновациялар әлемін ашуды жалғастыратын адамдардың ішінде үлкен танымалдылыққа ие.

 

Өткен ай Ғылым бойынша Кеңестің қонақтарға арналған дәрістеріне бай болды. Оқитын жастармен пайдалы кездесулер сериясын физика докторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Нұрхат Жакиев ашты. Елбасы кітапханасында жас ғалым «Болашаққа жол әрқайсысынан басталады» атты семинар-тренинг барысында екі жоғары оқу орындарының студенттеріне экономиканың барлық салаларында цифрландыруды енгізу қажеттілігі туралы баяндап, одан адамзатқа қандай пайда келетінен түсіндірді.  

Физик ғалым сонымен қатар өзінің жетістікке жету тарихымен бөлісті. Нұрхат докторантураға түспес бұрын бірнеше рет талпыныс жасап көргенін мойындады. Ол әлемді жетілдіруге ұмтылу, барлық жаңалықты тануға деген «құштарлық»- ғылымның басты қозғаушыларының бірі деп есептейді.

Оның әріптесі, Ғылым бойынша Кеңес төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Сухраб Жапаров «Апсатар оқулары: Медицинаның болашағы. Сын-тегеурінде мен шешімдер» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысқан. Танымал хирург және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы болашақ медицина қызметкерлеріне Тұңғыш Президент Қорының талантты студенттер мен жас ғалымдарға арналған мүмкіндіктері туралы аайтып берді. Сухраб Абайдуллаұлы конференция қатысушыларын шәкіртақылық және гранттық бағдарламаларға қатысуға, сондай-ақ Қордың ғылым бойынша өткізетін алдағы іс-шараларына шақырды.

Ал стартап үшін тауашаны қалай табу керектігін және өз идеяңы қалайша ақшалы ету керектігін Ғылым бойынша Кеңестің басқа мүшесі, бизнес-жаттықтырушы Ғани Абадан түсіндіріп берді. Бірнеше қазақстандық компаниялардың негізін қалаушы, Алматы технологиялық университетінің қабырғасында өткен «Ғылым. Білім, Жастар» атты жас ғалымдар конференциясының аясында жастармен кездесті.  Ғанидің шеберлік сабағы мен тренингтері, тәжірибелік білімдердің, өмірлік бизнес-мысалдардың және шынайы кейстердің арқасында әрқашан студенттерді тәнті етеді. 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру