news-img

Сиверс алмасын сақтау мәселелерімен Caspian University және Сиверс алмасын сақтаудың халықаралық қоры белсенді айналысады. Бұл жаһандық миссияны жүзеге асыруға оларға ҚР Тұңғыш Президенті Қоры көмектеседі. Екінші жыл қатарынан біздің ұйымдар алма Cиверсінің табиғи ареалын сақтау мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Бұл күндері Алматыда кезекті ғылыми слет өтуде, оған Қазақстан, АҚШ, Қытай, Италия, Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан ғалым, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысуда. Олардың мақсаты Сиверс алмасының табиғи ареалын және генетикалық ресурстарын сақтаудың теориялық және ғылыми-тәжірибелік міндеттерін шешу үшін әлемдік қоғамдастықтың күштерін біріктіру болып табылады.

Конференцияға қатысушыларға Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров құттықтау сөз сөйледі. Ол Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстанды Алманың отаны деп атайтынын атап өтті.

— Осы жерден қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін маңызды өсімдіктер біртіндеп барлық елдерге қоныстанды. Қазір Қазақстан жердің барлық алмасының – Сиверс алмасының ата тегінің сақтаушысы болып табылады. Ол әлемге қазіргі заманның ең кең таралған жемістерінің бірін сыйлады, - деп Елбасының сөзін келтірді С. Тоқтаров.

Дүние жүзіне өзінің үлкен көлемі мен қайталанбас дәмімен танымал алматылық апортты қайта жаңғырту міндетін осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қойған болатын. Қазақстандық ғалымдар өздерінің шетелдік әріптестерімен сол кезде ең алдымен Сиверс алмасының жабайы сұрпының популяциясын қалпына келтіру және сақтау қажет екендігін анықтаған. Дәл сол Жердегі барлық алмалардың анасы болып табылады, әсіресе әмбебап алма танымал апортқа өмір берді.

Форум 21 қыркүйекке дейін бірнеше күн жалғасады. Оның барысында қатысушылар Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Микушено шатқалына және Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Тополевский бөлімшесіне барады. Жабайы алма бақтарын қарағаннан кейін ғалымдар Сиверс алмасын одан әрі бірігіп зерттеу бойынша пікірлерімен алмасады.

 

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының

Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

 

Түсініктеме қалдыру