news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің қызметкерлері «Кітапханалар – трансформацияның қозғаушы күші» тақырыбындағы 90-шы Дүниежүзілік кітапхана-ақпараттық конгреске (WLIC 2026) қатысуда.

Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясы (IFLA) ұйымдастырған ауқымды іс-шара Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтуде. Конгресс аясында саланы дамытудың озық тәсілдері ұсынылып, бірлескен оқыту форматтары, практикалық кейстер, сондай-ақ әлемнің жетекші сарапшыларының баяндамалары қамтылған.

Бөлісу