news-img

Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі, көрнекті саяси, қоғам және мәдениет қайраткері, тарихшы, публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов: ұлт жолындағы өмір» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.

Жоба «Дәуір жасампаздары / Замандастар» тарихи-мемориалдық бастамасы аясында дайындалды және ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының негізгі өкілдерінің бірінің өмір жолын, қоғамдық-саяси қызметі мен идеялық мұрасын ашады.

Көрме кез келген ыңғайлы уақытта онлайн қолжетімді.

Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына қызығушылық танытатын баршаны шақырамыз.

Бөлісу