news-img

Астанадағы «Жастар» театрында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры балаларға арналған әсерлі жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырды.  

Балалар шаттық пен ғажайып кернеген ортаға еніп, ертегі кейіпкерлерін көзбен көріп, күлкі мен қуанышқа толы көңіл күй орнады.

🎭 Балаларға арналған ертегі қойылымы ұсынылып, оған кішкентай көрермендер қатысып, сахна төрінде өнер көрсетті.  

Мерекеге келген бүлдіршіндер қызықты ойын ойнап, сайысқа қатысып, билеп, сондай-ақ көптен күткен Аяз ата мен Ақшақармен жүздесті.

✨ Бұл мерекелік кеш балалардың жүзіне қуаныш ұялатып, сыйлық пен ұмытылмас әсер сыйлады.

Бөлісу