news-img

Париж, 2019 ж. 9 сәуір — ЮНЕСКО штабпәтерінде «Ұлы дала бояулары» көрмесінің ашылу салтанаты болды. Ол париждіктер мен ұйымға мүше мемлекеттердің қызығушылығын тудырдыЖоба ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен «Рухани Жаңғыру» және «Жастар жылы» бағдарламалары аясында жүзеге асырылды, және отандық өнерді халықаралық аренада көтермелеуге бағытталған.

Көрме мақсаттарының арасында – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының тезисін насихаттау және Қазақстанның бастамасы бойынша жарияланған мәдениетті жақындастырудың халықаралық онжылдығы (2013-2020 жж.) бағдарламасын ЮНЕСКО-ның жүзеге асыруына ат салысу.

«Ұлы дала бояулары» көрмесі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының гранттарына ие болған жас қазақстандық фотосуретшілердің туындылары мен ЮНЕСКО-мен өткен «The Planet of ART-2018» Халықаралық фестивалінің жас жеңімпаздарының суреттері топтамасын ұсынады. Бұл экспозиция әрбір келушіге Қазақстандағы таңғажайып және зерттелмеген жерлерді ашуға, еліміздің бай мәдениетімен танысуға және талантты қазақстандық фотографтар мен Азия-Тынық мұхиты аймағының дарынды суретші балаларының фотосуреттер мен картиналар арқылы, Ұлы Дала астанасы туралы өз қиял көріністерін жеткізу міндетімен бірлескен шығармаларымен шабыттануға мүмкіндік береді.

— Қазақстанда жарияланған Жастар жылының аясында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының маңызды рөлі мен елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді, ол біздің Ұйымның жаһандық қызметі үшін талантты өскелең ұрпақтың мәдени және білімдік дамуына қолдау көрсетуде кеңінен халықаралық танылуға лайық. Біз болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін әлемді жақсартуға бағытталған Қазақстан мен Федерацияның көпжақты бастамаларын шын жүректен бағалаймыз және бүкіл әлемдегі балалар мен жастардың даму мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтуде ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенеміз. Бұл экспозицияға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорына ерекше алғысымызды білдіреміз, — деп өзінің құттықтау сөзінде ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Фирмин Эдуард Матоко атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Франциядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев, көрменің салтанатты ашылу рәсіміне қатысушыларына арнап сөз сөйледі. «Мұндай іс-шаралар Қазақстанның мықты беделін маңызды халықаралық алаңға тарату мен насихаттауға, біздің жастарымыздың шығармашылық әлеуетін айқын көрсете отырып, еліміздің табиғи және тарихи-мәдени бай мұрасының маңыздылығын түсінуге айтарлықтай үлес қосады. Біздің әлеуметтік саясатымыздың негізі ретінде жастарды қолдау, әрдайым, барлық мемлекеттік органдар үшін, соның ішінде отандық дипломатия үшін басымдылық болып қалады», –деді. Елші сондай-ақ елорданың 20 жылдығына арналған «Aстана – Әлемнің қаласы» атты балалар шығармашылығының арнайы шығарылған альбомын ұсынды. Кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ЮНЕСКО Бас директоры Одре Азуленің құттықтау сөзімен ашылды.

— «Ұлы дала бояулары» жобасы – суретші балалардың және жас фотографтардың ұжымының бірегей шығармашылық симбиозы, бұл бізге Қазақстанның қасиетті орындарының мүлдем басқа көрінісін және астанамыздың заманауи сәулетін көрсетті. Өте символдық және көрме атауы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен мәтіндес. Расымен де Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында сипаттаған әрбір қыры осы көрмедегі өзінің көркемдік көрінісін тапты. Бұл өнердегі ұлттық стиль, Алтайдың ұлы таулары, Ұлы Жібек жолының мұрасы, қызғалдақтар мен алманың отаны – осының барлығын және тағы басқаларын дарынды қазақстандықтар жобада бейнелеген. Сондай-ақ біз әлемдік көрермендерді Қазақстанның бірегей ерекшелігін, мәдениетін, бай табиғаты мен үздік сәулетін көрсететін «Ұлы дала бояулары» жобасымен үлкен мақтанышпен таныстыруға қуаныштымыз, — деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Іс-шара «Арқайым» нео-этно-фольк тобының сүйемелдеуімен өтті. Халықаралық көрермендерді шығармашылық үрдіс кезінде авторлардың көшпенділердің мұрасына, қазақ даласының керемет сұлулығына құрметпен қарауы және өнерге деген сүйіспеншіліктерін танытқан жұмыстарының сан қырлылығы мен әртүрлілігі таң қалдырды. Жас суретшілер мен танымал фотографтардың суреттері Қазақстанның заманауи астанасы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен халықтың өзіндік ерекшелігі туралы айтатын сюжеттік композициялардан, натюрморттар мен пейзаждардан тұрады. Көрмеде барлығы 70 жуық фотожұмыстар мен суреттер қойылды.

Экспозиция 12 сәуірге дейін жалғасады.

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры – Қазақстандағы президенттік қор. Бұл еліміздегі ірі коммерциялық емес қор, оның қызметі барлық жобалардың жүйелілігі және кәсіптік басқару принциптерінен тұрады.

Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінгі күні ұйым адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның Тұңғыш Президенті идеяларын мақтанышпен іске асыра отырып, өз жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырады.

Қордың жұмысы дарынды жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілетті сараптамалық-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

1947 жылы Жапонияда құрылған ЮНЕСКО клубтарының Дүниежүзілік қозғалысының құрамына кіретін Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2009 жылдың сәуір айында құрылған және биыл өзінің он жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасының жас ұрпағын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО-ның идеалдары мен құндылықтарын насихаттау бойынша кең ауқымды жұмыстарды жүргізе отырып, еліміздің 14 облысының 12 ауылынан, 40-тан астам қалалардан ұсынылған жалпы саны 8000 адамды құрайтын 128 Клуб (2019 жылдың ақпан айындағы ахуал бойынша) жұмыс істейді.

Ұйым үш негізгі қызмет бағыттарын біріктірумен, ірі жастар бағдарламаларын жүзеге асырады: шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму.

«The Planet of ART» Халықаралық Фестивалі – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының негізгі бағдарламасы. Ол балалардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және қатысушы елдердің мәдени алуандығын халықаралық аренада дәріптеу жолымен жас суретшілерді қолдауға және олардың таланттарын көрсетуге бағытталған.

2018 жылы Фестиваль Қазақстанның астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған. Ауқымдылығына және халықаралық қамтуға байланысты жоба Азия-Тынық мұхит аймағындағы 3-17 жас аралығындағы 10 мыңнан астам дарынды балалар мен жастарды қамтыды, олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға және аймақтағы жас ұрпақ арасындағы достық байланыстарды орнатуға мүмкіндік алды.

Жоба нәтижесінде Астананың Мерейтойына арналған «Астана – Әлемнің қаласы» атты балалар шығармашылығының арнайы альбомы жарық көрді. Альбом Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың және ЮНЕСКО Бас директоры О. Азуленің құттықтау сөзімен салтанатты түрде ашылды.

 

БАҚ үшін байланыс

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры баспасөз қызметі

PR-менеджері Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz , www.fpp.kz

 

ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясының баспасөз қызметі

PR-маманы Камилла Дәулетова

+7 (727) 394-32-32, +7 (701) 298-00-88

kamila.kazfuca@gmail.com , www.kazfuca.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру