«Тәуелсіздік шежіресі. 2010 жылғы 1 желтоқсан» атты фотоқұжаттық көрме.
01.12.2025 ·
19:00
Бөлісу
Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні қарсаңында Музей «Тәуелсіздік шежіресі. 1 желтоқсан 2010 жыл» архивтік фотоқұжаттық көрмесін ұсынады.

2010 жылы Қазақстан ең ірі өңірлік ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Архивтік құжаттар мен деректерге негізделген көрме осы төрағалықтың тарихи мәнін және оған жеткізген негізгі кезеңдерді – егемендіктің жариялануын, Тәуелсіздік туралы заңнын қабылдануы, алғашқы президенттік сайлауды және демократиялық даму бағытын – жинақы түрде көрсетеді. Бұл оқиға посткеңестік кеңістік пен Орталық Азия мемлекеттері үшін бұрын-соңды болмаған жетістік болды.

Көрмемен 2026 жылдың 20 қаңтарына дейін сағат 10-17 аралығында, дүйсенбі-жұма күндері танысуға болады.

