news-img

Тұңғыш Президент Музейі Қала музейлері бірлестігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бірлестік құрамына: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаев музейі, Д.А. Қонаевтың мемориалды пәтер-музейі, Н. Тілендиевтің мемориалды музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музейлері, Райымбек батыр мемориалды кешені, А. Байтұрсынұлы музей-үйі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі кіреді.

Серіктестік кәсіби тәжірибе алмасуға, көрме және ғылыми-әдістемелік бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ білім беру және мәдени бағдарламаларды дамытуға негіз жасайды.

Бөлісу