Дарын, еңбек және құрмет: Астанада еліміздің үздік жас мамандары марапатталды

Қор сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық байқауды қорытындылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры дарынды қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі
Байқау отандық ғылым, мәдениет, білім, медицина мен цифрлық технологияны дамытуға үлес қосып, еңбегімен елдің өркендеуіне нақты үлес қосып жүрген тұлғаларды біріктіреді.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астанадағы Назарбаев орталығында өтті.
Биыл Қор сыйлығына 20 қатысушыие болды. Олардың 11-і мәдениет пен өнер саласында, 9-ы ғылым мен инновация бағытында табысты еңбек етіп жүр. Жеңімпаздар арасында хореографтар мен суретшілер, актерлер мен музыканттар, дәрігерлер мен ұстаздар, зерттеушілер мен цифрлық жоба авторлары бар. Әрқайсысы өз саласында кәсіби шеберліктің биік үлгісін көрсетіп, заманауи қазақстандық қоғамның рухани келбетін қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Байқауға өтінім 2024 жылы 10 шілдеден 2025 жылы 15 сәуірге дейін қабылданды. Комиссия еліміздің түкпір-түкпірінен келген 120-дан астам жобаны қарастырды. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Алматы облысы (Абай ауылы), Жезқазған, Қостанай, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан және Орал қалаларынан келіп түскен өтінім кәсіби жетістігі, идеясының жаңашылдығы, қоғамға пайдасы мен салалық маңызы тұрғысынан мұқият сарапталды.
«Қор сыйлығы — жас дарындардың еңбегін бағалау ғана емес, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына жол ашатын маңызды ынталандыру тетігі. Қуантарлығы, байқау ғылым мен инновациядан бастап бейнелеу өнеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды. Әрбір лауреат – ғылым мен шығармашылыққа енді қадам басқан жастарға үлкен үлгі», - деді марапаттау рәсімі кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлықтары 2008 жылдан бері табысталып келеді. Осы уақыт ішінде байқау еліміздің мәдени және ғылыми өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінге дейін байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам жас маман қатысып, барлығы 195 сыйлық иесін тапқан.
Бұрынғы лауреаттардың көпшілігі бүгінде танымал ғалымдар, суретшілер, педагогтар және өз саласының көшбасшылары атанды.
Қор сыйлығы — бұл жай ғана марапат емес. Бұл қоғамның сенімі мен құрметінің белгісі, ел болашағына еңбегімен үлес қосып жүрген жандарға берілетін баға. Ол шабыт сыйлайды, біріктіреді, әрі табандылық пен кәсіпқойлықтың әрқашан лайықты бағаланатынын дәлелдейді.
Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығының байқауы Қазақстандағы жас мамандарды қолдаудың маңызды тетігіне айналды. Ол елдің интеллектуалдық және мәдени әлеуетін дамытуға серпін беріп, ғылым мен өнердің беделін көтереді, белсенді, шығармашыл әрі жауапкершілігі мол буынды қалыптастыруға ықпал етеді.
Қатысушылар үшін бұл марапат жетістіктерін мойындау ғана емес, жаңа жобалар мен ізденістерге, игі бастамаларға жігер беретін қуатты серпін. Бұл Қазақстанның адамдық және мәдени капиталының негізі – дарын, еңбек пен құрметтің тоғысқан нүктесі.
Жеңімпаздар тізімін осы файлдан көруге болады.