news-img

2019 жылғы 9 қазанда /сәрсенбі/ Республика сарайының сахнасында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль – байқауының жабылуы өтеді.

Осы жылы жоба вокал, аспаптық және хореографиялық өнер номинациялары бойынша Орта Азия мен Ресейдің 3500-ден астам балаларын қамтылды. Өзінің ауқымы мен халықаралық деңгейіне байланысты, барлық қатысушыларға, олардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, оның ішінде қоғамның әлеуметтік қорғалмаған қабаттарындағы жастарға өздерінің дарындарын көрсетуге және Қазақстанның жетекші өнер қайраткерлерімен жұмыс істеуге тең мүмкіндіктер берілді.

1 ақпан мен 1 мамыр аралығында «The Planet of ART – 2019» халықаралық фестиваль – байқауы жүректерінде жасампаздық пен дамуға деген талпыныс бар жас өнерпаздарды іздеуге еліміздің барлық аймақтарынан және көрші мемлекеттерден келген 12-17 жас аралығындағы жаңа қатысушыларға өз есігін айқара ашты.

Бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие және дарынды ұрпақты қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және халықаралық аренада қатысушы елдердің әртүрлі мәдениеттерін танымал ету үшін ең жақсы жағдай жасау мақсатында шалғайдағы аймақтар мен ауылдық жерлердегі балалар мен жастарға ерекше көңіл бөледі.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша Алматы қаласында (Қазақстан) 2 мен 10 қазан аралығында-жоғары кәсіби білім және мәдени — рухани ағарту алу үшін жобаның қорытынды кезеңіне шақыру алған 16 ең жарқын халықаралық финалистер анықталды.

«The Planet of ART-2019» фестиваль – байқауы финалының шарықтау шегі 9 қазан күні Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. В. Беляковтың жетекшілігімен және еліміздің көрнекті әртістері-Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның; Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаеваның және ерекше дауысымен жарқыраған Қазақстан ЮНЕСКО клубының елшісі — әнші Данэлия Төлешованың қолдауымен өтеді.

Ақсу және Хромтау моноқалаларының шығармашылық ұжымдарының талантты балалары да шет қалмады және «Еуразиялық топпен» бірге өздерінің қатысуымен және үлесімен финалистердің байқау нөмірлеріне жарқын бояулар қосуға келді.

Гала-концерт кезінде өтетін байқаудың қорытындысы бойынша үш жеңімпаз әлемді көруге және өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Оларға шетелдік жетекші шығармашылық мектептерге мәдени-білім беру бағдарламасына жүлделі сертификаттар табысталады.

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының және жобаның бас әріптесі – «Еуразиялық Топ» компаниясының, сондай-ақ «VNSV ART», «Теңізшевройл», «Total E&P Kazakhstan», «ExxonMobil Kazakhstan», «Sky Bridge Invest», «Highway TV», «Caspian Projects Supply Company», «GG Style» сұлулық салоны және имидж-Хаджаевтардың қолдауымен өтеді.

Ақпараттық серіктестер: «Almaty TV» және «КТК», «Русское Радио. Азия»

Ақпараттық порталдары: «Tengrinews», «Hola News Kazakhstan» және «Vox Populi».

 

***

 

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

Сіздерді 9 қазан  күні сағат 19:00-де «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль-байқауының аяқталуына орай гала-концертке Алматы қаласы, Абай даңғылы 56 мекен-жайы бойынша Республика сарайына шақырамыз.

Сағат 18:30-дан 18:50-ге дейін «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль-байқауының жабылуы аясында баспасөз-брифингі өтеді. Брифингтің спикерлері ретінде Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының және  Азия – Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары мен Ассоциациялары Федерациясының  президенті Болат Ақшолақов және Қазақстан ЮНЕСКО Клубтарының Елшісі, «Голос. Дети. Украина»  төртінші маусым женімпазы Данэлия Төлешова сөз сөйлейді.                                                                                             

Брифинг спикерлері жобаның бірегейлігі, қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан шығармашылық балалар мен жастарды анықтау ерекшеліктері туралы айтып, музыкалық шығармашылықты танымал ету арқылы түрлі елдерден келген балалар арасындағы фестиваль аясында мәдениетаралық диалогты ілгерілетудің егжей-тегжейлерімен бөліседі.                                                                                                                          

Журналисттерге фестиваль-байқауды жүзеге асыру жоспары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Данэлия Төлешованың Қазақстан ЮНЕСКО Клубтарының бірінші Елшісі ретінде қосқан үлесі туралы білуге мүмкіндік беріледі.

                                        

БАҚ аккредиттеуге арналған байланыстар:

ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының

қоғаммен байланыс жөніндегі маманы

Камила Дәулетова

+7 (701) 298-00-88, +7 727 394 3232,

kamila.kazfuca@gmail.com, www.unescoclubs.kz

 

ҚР Тұңғыш Президенті –

Елбасының Қоры баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы PR-менеджері Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру