news-img

2024 жылғы 2-3 мамырда Астанадағы Президенттік орталық ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Robotek» робототехника мектебі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатын өткізеді.

Біріншілікте «Robotek Grand Tournament» облыстық турнирлерінің жеңімпаздары, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан келген жас робототехниктер бақ сынайды. 9 жастан 17 жасқа дейінгі бірнеше жас топтағы 300-ден астам оқушы «Robotek», «Мерген», «Инверсиялық желі бойынша жарыс», «Ту жеткізу», «Робот – жеткізуші» және «Робот – сұрыптаушы» (әр санаттың регламенті –rgt.robotek.kz сайтында) сынды жеті түрлі санатта сайысады.

«Robotek Grand Tournament» 2024 жылы 2 мамырда сағат 10.00-де Президенттік орталықта (Ә. Бөкейхан көшесі, 1А) ашылады.                    

БАҚ өкілдерін тіркеу мен өзге де қосымша мәлімет бойынша мына нөмірге хабарласу керек: +7 701 513 9327, 7 747 879 9616.

Түсініктеме қалдыру