news-img

2024 жылдың 23 ақпан күні сағат 17.00-де «Астана балет» (Ұлы дала көш., 43) ғимаратында «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен» ұйымдастырылуда.

Байқау игі іс жасайтын адамдарды анықтауға және ынталандыруға, қайырымдылық идеясын насихаттауға, азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған.

Жобаға қатысушылар – Қазақстанның барлық өңіріндегі мұқтаж жандарға қол ұшын созған жандар. Бұл қайырымдылықпен айналысатын, жоғары патриотизм мен батылдық танытатын, мәдениетті дамытатын адамдар.

Жобаны қорытындылау барысында 5 номинация бойынша байқау жеңімпаздары анықталады: «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында»,  «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы».

Жеңімпаздар I, II және III жүлделі орындармен марапатталады.

Түсініктеме қалдыру