news-img

Қарағандыда 1 және 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен «Театр – Шығармашылық – Талант» ІІІ халықаралық балалар-жасөспірімдер фестиваль-байқауы өтеді. Шара К.С.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында өткізіледі.

Ұйымдастырушы –Думан Аким шығармашылық орталығы – екінші жыл қатарынан шығармашылық жобаларға қолдау көрсету аясында Тұңғыш Президент – Елбасының Қорынан фестиваль-байқау ұйымдастыруға арналған грантты ұтып алды.

«Театр – Шығармашылық – Талант» фестиваль-байқауы балалар-жасөспірімдер театр өнеріне қолдау көрсетуге арналған және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді.

Биыл Қазақстан (Атбасар, Жезқазған, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Екібастұз қалалары) мен Ресейдің (Кемерово, Новосибирск қалалары) кәсіби және әуесқой театр ұжымдары қатыспақшы. Қатысушылардың жас мөлшері – 8 бен 23 жас аралығы.

Байқау қатысушылары «Көркем сөз» және «Спектакль» номинацияларында өнер туындыларын ұсынады.

«Театр – Шығармашылық – Талант» ерекше идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорынан қолдау тапқан ұйымдастырылуы жағынан бірегей өнер жобасы. Тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен қатар әуесқой театр өнерпаздарына да көңіл бөлуді қамтамасыз етуімен ерекше назар аудартады. Әлемде арнайы кәсіби білімі болмаса да танымал талантты жұлдыздар көп. Бұндай әртістер өздерінің ғажайып ішкі күш-қуаты, сахна мен көрерменге деген үлкен махаббаты, ерекше образдарды сомдауға деген құлшыныстарының арқасында танымал әрі табысты болды. Осы фестиваль-байқау сияқты жобалардың арқасында еліміздің театр сахнасында жаңа жұлдыздар жарқырайды деген сенімдемін», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Байқауға қатысушыларды кәсіби қазылар алқасы бағалайтын болады: «Шабыт» Қазақ Ұлттық өнер институтының оқытушылары (Нұр-Сұлтан қаласы), Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресейдің мәдениет қайраткерлері.

Фестиваль-байқаудың бағдарламасы:

01.04.2019ж. К.С.Станиславский атындағы театрда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Спектакль» номинациясында байқаудың бірінші күні;

02.04.2019ж. К.С.Станиславский атындағы театрда сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін «Көркем сөз» номинациясында байқаудың екінші күні;

02.04.2019ж. К.С.Станиславский атындағы театрда сағат 16:00-ден 17:30-ға дейін жетекші мәдениет қайраткерлерінің шеберлік сыныбы;

02.04.2019ж. К.С.Станиславский атындағы театрда сағат 18:30-да лауреаттарды марапаттау салтанаты.

Анықтама үшін телефон: 8 701 294 45 46

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру