news-img

Астанада халықаралық стипендияның 30 жылдығына орай «Болашақ» стипендиясының түлектерімен митап форматында кездесу өтті.

Кездесу шетелде оқу үшін мемлекеттік стипендия және грант бағдарламаларын қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесін талдауға, «Болашақ» түлектерінің жетістік тарихын талқылауға бағытталған.

Жастар ақыл-кеңес тыңдап, көкейіндегі сұрақтарын қойды.

Дәрігер-кардиохирург, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Горбунов; ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры, Кельн университетінің саясаттану докторы, ММА, джиу-джитсу және грепплингтен 7 дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов; Астана Халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика саласындағы PhD, Қазақстандағы алғашқы медициналық физик және ядролық медицинаның негізін қалаушы Серік Нұркенов; ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, қоғам және саяси қайраткер Нұрлан Өтешев; Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің білім беру бағдарламаларының жетекшісі, продюсер, режиссер, жазушы, композитор Айдие Айдарбеков спикерлер ретінде сөз алды.

Түсініктеме қалдыру