news-img

«Кино» кафесінің кинозалында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауымен түсірілген «Мәңгүрт» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

Қазіргі құлдық әртүрлі этникалық, мәдени және діни топтарға әсер ететін жаһандық апаттардың бірі болып қала беретін әлемде бұл түйткіл көбінесе қазақстандық киноның көлеңкесінде қалады. Өркениеттің дамуына қарамастан мәжбүрлі еңбек жалғасып жатыр, бұл адамдардың бір тобының екіншісіне деген күшін көрсетеді. Жобаның авторлары киноның қоғамдық сананы қалыптастыруға тигізетін үлкен әсерін түсініп, халықты әлемге басқаша көзқараспен қарауға шақырады.

Кинотуынды шетелде ұзақ уақыт болып, кейін Отанына оралған Дана жайында өрбиді. Ол анасының зиратына бару үшін туған ауылына аттанады. Әкесі қарсы алып, екеуі келе жатқанда жол-жөнекей бұрынғы иесінен қашып кеткен адам кездеседі. Әкесі бейтаныс адамды қорасына апаруға бел буады. Келесі күні Дана жоғалады. Мұны елдің бәрі үйсіз адамнан күдіктенеді.

Фильмнің авторы әрі режиссері Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Асқар Ермахан. «Кинематографтың тілі арқылы қазіргі әлемде жиі жоғалып кететін жалпы адамның болмысын түсіндіруге тырыстық. Біздің мақсат осы оқиғалардың негізінде жатқан факторларды ашу еді. Біз фильмді әртүрлі кинофестивальдер арқылы әлемдік аудиторияға көрсетуді және әртүрлі мәдениеттің осындай мәселеге қалай тап болатынын, оларды шешу үшін қандай әдістерді қолданатынын зерттеуді жоспарлап отырмыз», - дейді режиссер.

Кинематографияның мәнерлі тілін қолданған бұл жоба әрқайсымыздың бойымыздағы жарық пен қараңғылықтың тепе-теңдігін зерттей отырып, жалпы адамзатты еске түсіреді.

 

Түсініктеме қалдыру