news-img

Елордада үш күн бойы «2023 International Conference on Smart Information Systems and Technologies» үшінші халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Astana IT University ұйымдастырған конференция алыс-жақын шетелдегі ғалымдарды, IT мамандарды, IT индустрияның түрлі саласының студенттерінің басын қосады.

«ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялардың қарқынды даму ғасыры. Заман ағымынан қалмай, бұл кезеңде дамуды жан-жақты қолдау маңызды. Astana IT University қызметі осыған бағытталған. Университет білікті мамандарды даярлаумен қатар, ірі диалог алаңдарын ұйымдастырады. Бүгінгі конференция 200-ден астам қатысушы үшін тәжірибе, білім алмасуға, ақпараттық жүйелер, технологиялар бойынша өзекті мәселелерді талқылауға және өмір сүруді жеңілдетуге әкелетін жаңа шешімдерді табуға тамаша мүмкіндік екеніне сенімдімін», - деді атқарушы директордың орынбасары Әлкей Марғұланұлы пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде. 

Конференция «Технологиялар және инжиниринг менеджменті», «Білім мен зерттеулердегі ІТ», «IT пайдаланудағы жаңа үрдістер мен технологиялар» және «Деректер туралы ғылым және озық аналитика» сынды маңызды тақырыптарды қамтиды.

Түсініктеме қалдыру