news-img

Алматыда Ю.Г. Басиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы Басин оқулары аясындағы студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Профессор Басин Ю. г. (1923-2004) – қазақстандық цивилистика мектебінің негізін қалаушы, ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, жастарды құқықтық сауаттылыққа, жоғары заң біліміне, сонымен қатар, Қазақстанда азаматтық құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты.

- Ел тарихында Юрий Григорьевич Басин сияқты қазақстандық заң ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан заңгерлер көп емес. Ол Қазақстанда ғана емес, шетелде де азаматтық құқықтың, өркениеттің классигі. Басин жаңа құқықтық жүйенің қалыптастыруға белсенді атсалысты, Юрий Григорьевичтің пікірі әркез құнды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Студенттік конференция жыл сайын студент, магистрант пен жас ғалымдардың шығармашылығын дамыту, оларды қазіргі өркениеттің өзекті мәселелерін шешуге тарту, жаңадан бастаған зерттеушілердің білім беру және ғылыми байланыстарын өркендету сияқты міндеттер арқалайды.

Қатысушылар баяндамасында азаматтық айналым нысаны ретінде интернет аккаунт, жұмысшылар құқығын қорғаудың заманауи мәселелері, «ақпараттық төңкеріс» жағдайындағы азаматтық құқықтық нысандары, құқық субъектісі немесе квазисубъект ретіндегі жасанды интеллект, интернеттегі кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, NFT азаматтық құқықтар нысаны ретінде және т.б. тақырыптарды қамтыды.

- Жас ғалымның еңбек жолы шағын қадамдан басталады, Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі жас ғалымдар мен студенттерге қолдау көрсетіп, осындай іс-шараларды ұйымдастырып, диалог пен пікірталас алаңын ұсынғаны қуантады, ол жерде жеке құқықтың өзекті мәселесі бойынша сұрақтар қойып, өз пікірін айтуға болады, - деді Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесінің төрағасы Ермек Тоқтаров.

Үздік баяндама иесіне дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.

Конференцияны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдады.

Түсініктеме қалдыру