news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында Семей қаласында шеберлік дәрістерін өткізу жалғасып жатыр.

Үш күн бойы – 2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) мұнда өңір мұғалімдеріне арналған спорттық робототехника бойынша біліктілікті арттыруға бағытталған курстар өтеді.

Курстар 40 информатика/робототехника мұғалімдеріне арналған. 

Бұл тренингті елордалық «Роботек» робототехника мектебі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Абай облысының білім басқармасы бірлесіп өткізеді. 

Дәрісті ірі турнирлерге командаларды дайындауда тәжірибесі бар робототехника мектебінің жетекші мамандары жүргізеді. Соның бірі спорт бөлімінің басшысы, робототехникадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Олжас Айтжанов. Ол 21 жеңімпаз команданы дайындады.

«Қазақстанда робототехника бойынша көптеген турнир өткізіледі. Робототехника бойынша турнирлер мен жарыстарға қатысу оқушылардың бағдарламалау, механикалық және электронды дағдыларын дамытуға және командалық рухты нығайтуға көмектеседі. Бұл курс мұғалімдерге оқыту дағдыларын жетілдіруге және оқушыларды робототехника бойынша түрлі турнирлеріне дайындауға көмектеседі», - деді Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Олжас Айтжанов.

Тренинг соңында әрбір қатысушыға оның кәсіби дамуын растайтын сертификат беріледі.

Түсініктеме қалдыру