news-img

Тұңғыш Президент Музейінің қызметкері Краков қаласындағы Ягеллон университетінде өткен «Қазақстан және XXI ғасыр: сын-қатерлер, өзгерістер, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-эксперттік конференцияға қатысты.

Конференция аясында Экскурсия қызметінің жетекші сарапшысы Қоңыршин К.Ф. “Cultural heritage of Kazakhstan in museum practices” тақырыбындағы баяндамада қазақстандық мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы музейдің рөлі атап өтілді. Баяндаманың басты бағыты – «Ulttyq Qazyna»  және «Менің тарихым» сияқты жобалар арқылы мәдени құндылықтарды музей кеңістігінде сақтау тәжірибесін көрсету болды.

 

Бөлісу