image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 20.04.2022 - 30.10.2022

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жариялап, жас ақындар мен жазушылардың танылуына мүмкіндік береді.

Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау.

Сыйлық конкурстық негізде төмендегі номинацияларға беріледі:

- «Жылдың үздік прозасы»;

- «Жылдың үздік поэзиясы»;

- «Жылдың үздік драматургиясы»;

- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

- «Жылдың үздік киносценарийі»;

- «Фантастика жанрындағы үздік шығарма».

Сонымен қатар, биыл Қор «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған Үздік шығарма» арнайы номинациясын тағайындады.

Номинация жеңімпаздарына «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріліп, 2 млн.теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі. Ал арнайы номинация жеңімпазы 3 млн. теңге алады.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы.

Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары байқауға қатыса алмайды.

Конкурстық іріктеуге бір автордан — бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Қолжазба А4 форматында, Times New Roman 14 шрифтімен 1 аралықта ресімделуі тиіс. Қолжазбаның көлемі:

- проза үшін - кемінде 35 парақ;

- поэзия үшін - кемінде 5 парақ;

- драмалық шығармалар – 30 парақтан аспауы тиіс;

- балалар шығармалары – 25 парақтан аспауы тиіс;

- киносценарий үшін - кемінде 25 парақ;

- фантастикалық шығарма үшін - кемінде 20 парақ;

Шығармалар 2022 жылдың 30 қазанына дейін қабылданады.

Өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1 А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады.

Байқау туралы толық ақпаратты fnn.kz сайтынан немесе 8 (7212) 767012 телефонынан біле аласыздар.

 

Положение_Алтын_тобылғы_2022_рус_каз.docx

Түсініктеме қалдыру