image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 25.03.2021 - 09.10.2021

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және «Жандану әлемі» Қоры 8-ден 12 жасқа дейінгі дарынды балаларды «Бала дауысы» Ұлттық ән байқауының алтыншы маусымына қатысуға шақырады!

 

17 финалисті анықтайтын іріктеу кезеңі 25 наурыздан 15 мамырға дейін қашықтан өткізіледі. Кастингке қатысу шарттары  www.baladauysy.kz сайтына жарияланған. Онда өтініштерді қабылдау бөлімі де бар.

 

«Бала дауысының» ақтық сынына дайындық кезеңі 1 маусымнан 1 қазанға дейін өткізіледі. Ақтық сынға іріктеліп алынған балаларға вокал, актерлік шеберлік және би өнері бойынша жеке сабақтар жүргізіледі. Олармен режиссерлер, графика және жарық бойынша суретшілер, дизайнерлер, стилистер жұмыс істейді.

 

Байқаудың ақтық сыны Нұр-Сұлтан қаласында 7 және 9 қазанда өтеді. Биыл конкурстық концерттік бағдарламаның форматы шамалы күрделі болады. Балалар Қазақстан және шет ел эстрадасының хиттерін оркестрдің сүйемелдеуімен орындайды.

 

Балалар байқаудың барлық кезеңіне тегін қатысады. Іріктеу кезеңінің әр қатысушысына атаулы диплом беріледі. Финалистер бағалы жүлделер мен сылықтар алады. «Бала дауысының» жеңімпазы жоба авторы әрі «Жандану әлемі» Қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева тағайындаған атаулы білім грантына ие болады. Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша балаларға арналған жаңа әндердің жинағы шығарылады. Оған еліміздің 14 облысындағы, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы композиторлардың шығармалары егізілмек. Жаңа әндердің барлығы бұрынғы маусымдарда шығарылған әндер сияқты «Бала дауысы» сайтына жарияланады.

Түсініктеме қалдыру