image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 02.09.2019 - 29.11.2019

«Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы (бұдан әрі- Конкурс» халықтың азаматтық бастамаларын белсендіруге және қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық және гуманизм секілді адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Конкурс жыл сайынғы негізде өткізіледі және номинациялар бойынша лауреат атанған Конкурс қатысушыларына мүсіндер мен диплом табыстауды көздейді.

1. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

Қайырымдылық пен белсенді азаматтық бастаманы дәріптеу.

2. КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қазақстанда қайырымдылықты дамытуға ынталандыру.
  2. Өзара көмек көрсетудің ұлттық дәстүрлерін жаңғыртуға септігін тигізу.
  3. Қоғам санасында заманауи қайырымдылық жасаушының идеалын қалыптастыру.
  4. Қоғамның халықтың қайырымдылық қызметі туралы хабардарлығын арттыру.
  5. Өскелең ұрпақты қазақстандықтардың жақсы қасиеттерін дәріптейін тәртіп нормалары мен принциптерімен тәрбиелеу.

3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

1.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры;

2.Қазақтанның іскер әйелдер Ассоциациясы;

3.Қазақстан Республикасы істері Басқармасының Медициналық орталығының «Оқжетпес ЕСК» АҚ;

4.«Хабар» агенттігі;

5.«КТК» республикалық телеарнасы.

4. ҚАТЫСУШЫЛАР

Конкурстың қатысушылары өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін номинациялау жеке немесе заңды тұлғаның аынан жылжыту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Конкурс Қатысушылары Ұйымдастырушыларға өздерінің қызметі турлы жеке деректер мен ақпаратты Конкурсты өткізу және жарықтандыру аясында Ұйымдастырушылардың қарауы бойынша қолдануға келісім және құқық береді.

Конкурсқа орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және басқалар) байланысты жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды.

5. АТҚАРУШЫ КОМИТЕТ

Конкурсты ұйымдастырушылар конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі Атқарушы комитет құрады, оның құрамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президенті Істері Басқармасының Медициналық орталығының, «Хабар» агенттігінің және «КТК» телеарнасының өкілдерінен құралады. Атқарушы комитет қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды және қарайды, қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады.

6. КОМИССИЯ

Комиссия көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінен, меценаттардан, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдерінен құрылады.

7. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Хабар», «КТК» телеарналарының эфирінде және ұйымдастырушылардың корпоративтік әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Қазақстанның аймақтардағы іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері облыстар мен Шымкент, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының әкімдіктерімен келісе отырып, қатысушыларды іздеу және материалдар жинау бойынша жұмыс топтарын құрады.

Әрбір номинациядағы 5 (бес) қатысушыдан аспайтын қатысушылардың материалдарын жұмыс топтары Атқарушы комитетке жібереді.

Атқарушы комитет ұсынылған материалдарды қосымша тексеруді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратады. Атқарушы комитет іріктеуден кейін материалдарды Комиссияның қарауына жібереді.

Комиссия дауыс беру арқылы Конкурстың жеңімпаздарын анықтайды. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.

Конкурс жеңімпаздарының аттары републикалық және жергілікті электронды масс медианың жаңалық бағдарламаларының эфирінде жарияланады (Конкурстың медиа-жоспарына сәйкес).

Конкурсқа өткен жылдың жеңімпаздары мен Ұйымдастырушылардың өкілдері, сондай-ақ Ұйымдастырушылардың ведомство жанындағы ұйымдары мен территориялық бөлімшелерінде жұмыс істейтін қатысушылар жіберілмейді.

8. НОМИНАЦИЯЛАР

Конкурстың лауреаттары келесі номинацияларда анықталады:

  1. «Асар» номинациясы. Номинация қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты лауреатқа, көмек көрсеткені үшін табысталады.
  2. «Туған жер» номинациясы. Номинация туған өлкеге білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. саласында қайырымдылық көмек көрсеткен лауреатқа беріледі.
  3. «Батыл жүрек» номинациясы. Номинация лауреатқа батылдық пен жанқиярлық көрсеткендері үшін беріледі. Бұл номинацияда шұғыл қызмет (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т. б.) қызметкерлері арасында жеңімпаздың қосымша атағы құрылуы мүмкін.
  4. «Мейірім жолында» номинациясы. Номинация белгілі бір уақыт ішінде тұрақты ақысыз көмек көрсеткен лауреатқа беріледі.
  5. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы. Номинация БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын үздік жариялағаны үшін, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын материалдарды орналастырғаны үшін журналист пен шығармашылық ұжымға беріледі.

9. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  1. Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті ерікті түрде жүзеге асыру.
  2. Көмектің және шешілген мәселенің өзектілігі.
  3. Ауқымы.
  4. Мәселелерді шешудің жеделдігі және қарапайымдылығы.
  5. Нақты нәтижеге қол жеткізу.

10. ҚАТЫСУ ҮШІН ТАПСЫРЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. Қатысушы туралы таныстыру хаты (№1 қосымша) жеке немесе заңды тұлға толтырады.
  2. Қатысушының биографиясы немесе қысқаша ақпарат және қайырымдылық қызметі туралы ақпарат (№2 қосымша).
  3. Қатысушының суреті немесе таңбасы (JPEG пішімі).
  4. Толтырылған өтінімдерді электронды пошта арқылы жолдау қажет: karavan_dobroty@fpp.kz
  5. Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 7172 79 15 95, 8 7172 48 12 36

11. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ ЖӘНЕ ОРНЫ

      Мерзімдері:

  1. Конкурсты өткізу туралы аңдатпа хабарламаны тарату (республикалық «Хабар» телеарнасы) – 2019 жылдың 2 қыркүйегінен 29 қарашасына дейін.
  2. Қатысушыларды іздеу және материалдар жинау (жұмыс тобы)- 2019 жылдың 2 қыркүйегінен 29 қарашасына дейін.
  3. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) –2019 жылдың 3-31 желтоқсан аралығы.
  4. Комиссияның отырысы. Жеңімпаздарды анықтау (комиссия)- 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін.
  5. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 2020 жылдың 26 ақпаны.

            Өткізу орны:

  1. Қатысушыларды іздеу және материалдар жинау- облыстыө әкімшіліктер және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан ққ. Әкімшіліктері (келісу бойынша).
  2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Нұр- Сұлтан қ.
  3. Комиссияның отырысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Нұр- Сұлтан қ.
  4. 4. Лауреаттарды марапаттау салтанатты рәсімі- Нұр- Сұлтан қ.

    Қайырымдылық керуені байқауын өткізу ережелері .doc

Түсініктеме қалдыру