image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 07.03.2019 - 02.04.2019

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» көктемгі фестивалінің аясында жыл сайын өтетін «Жас толқын» республикалық олимпиадасына қатысу үшін студенттік командалардан өтінімдер қабылдау басталды.

Олимпиадаға бес адамнан тұратын командалар – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы студенттер қатыса алады. Олимпиаданың шарттары бойынша, студенттік сайыстарға бір ЖОО-нан 2 командадан артық емес қатысушылар жіберіледі.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:

  1. I. Бастапқы іріктеу кезеңі
  2. Көзбе-көз конкурстық кезең
  3. Спорттық сайыстар

Олимпиаданың конкурстық тапсырмалар кешеніне:

  • «Миллион тұратын идея» әлеуметтік-инновациялық жобасын таныстыру;
  • Студенттік өмір туралы бейнеролик көрсету;
  • Негізгі пәндер бойынша тестілеу;
  • Спорттық сайыстар.

Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша екінші кезеңге өту үшін Алматыда «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фетивалінде өздерінің зияткерлік және физикалық қабілеттерін көрсететін жеті студенттік команда іріктеліп алынады.

«Жас толқын» олимпиадасының жеңімпаздары өз араларында үш жүлделі орынды бөліседі. Сондай-ақ олимпиаданың ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялар да қарастырған.

Студенттік командалардан дедлайн өтінімдер қабылдау– 2 сәуір 2019 ж.

Олимпиада ережелерін және қатысу үшін өтінімді жүктеп алу.  

Жас Толқын байқауына қатысу ережелері.doc

Түсініктеме қалдыру