Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті
Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады. Отандық, шетелдік қайраткерлер мен ғалымдар 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылады.