contest-img

OZYQ URPAQ - орта мектеп мұғалімдеріне арналған робототехника пәні бойынша оқыту бағдарламасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қазақстандық жетекші «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп, Ozyq Urpaq бірегей жобасын іске қосты.

Бұл бағдарлама Қазақстан аумағындағы орта мектептердің робототехника пәні мұғалімдерінің біліктілігін көтеруге, оқушылардың роботтарды құрастыруға және бағдарламалауға қызығушылығын арттыруға, дарынды жастарды анықтауға, озық білім трансферіне бағытталған.

Жоба 2022 жылы Жезқазған және Семей қалаларының орта мектептерінде басталды. «Роботек» мектебінің тәжірибелі қызметкерлері бес ай бойы мектеп мұғалімдерін оқытады, ал ұстаздар өз кезегінде факультативтік сабақтар өткізіп, оқушыларға білімін бөліседі.

2022-2023 оқу жылында Жезқазған қаласындағы №1, №13, №21 ОМ, №8 гимназия, №9 мектеп-интернаты және Семей қаласындағы №8, №28, №44, №49 ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның оқытушылар құрамы робототехника бойынша заманауи білім алады.

OZYQ URPAQ

   

Әлеуметтік навигатор