contest-img

Қазақстанның жаңа тарихы бойынша Ұлттық олимпиада «Тәуелсіздік дәуірі» - әркім өзін Қазақстанның басшысы ретінде сынап, елді басқарып көруге болатын білім беру жобасы.

Қатысушыларға ҚР тарихынан түрлі жағдай ұсынылады, шындыққа жанасатыны мен қияли дүниеде көшбасшы ретінде әрекет ете алады. Бірақ бұл таңдаудың әрқашан өзіндік салдары болады.

Міндет – халықтың сенімін, экономикасы мен ықпалын теңгере отырып, қысқа мерзімде елдің әл-ауқатын көтеру, үздік нәтижеге қол жеткізу.
 
Олимпиаданың мақсаты:
● Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын арттыру;
● жастардың көшбасшылық дағдысын анықтау және дамыту, командада жұмыс істей білу, сонымен қатар, ел тарихының негізгі кезеңін түсіндіру бойынша жұмыс.

Олимпиадаға қатысушылар: жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) және Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері (бұдан әрі - қатысушы).

Қатысу шарттары:

● Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушысы немесе Қазақстан Республикасы колледждерінің студенті болу;
https://kzgame.kz/ сайтына тіркелу және Олимпиада ережесіне сәйкес іріктеу турына қатысу;
● Ережені мұқият оқып, белгіленген мерзімде қатысу.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
I іріктеу туры онлайн форматта өткізіледі, қатысушылардың саны шектелген – Олимпиада сайтында тіркелген 10 000 қатысушы ғана қатыса алады;
II тур - финал Астана қаласында офлайн форматта өткізіледі.

I тур. Іріктеу
kzgame.kz сайтында онлайн кезең өтеді. Олимпиадаға қатысушылар сайтқа тіркеліп, межелі мерзімде – 2022 жылғы 7-14 қараша аралығында – ойын сынақтарынан өте бастайды.
Мақсат – мейлінше ең көп ұпай жинау.
15 қарашада іріктеу кезеңі қорытындыланып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар финалға шақырылады.

II тур. Финал
Финал 2022 жылдың 1 желтоқсанында офлайн форматта өтеді, бұл жолы қатысушылар «Тәуелсіздік дәуірінің» үстел нұсқасында бірнеше итерация бойынша ойнайды.
Мақсат – Қазақстанның әл-ауқатына қол жеткізіп, үздік нәтиже көрсету.

Олимпиада қорытындысы бойынша:
● Онлайн және офлайн кезеңнің барлық қатысушысы электрондық қатысу сертификатын алады;
● Финалистер мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар естелікке беріледі.

8 800 080 48 48 нөміріне қоңырау шалу арқылы сұрақ қоюға болады (қоңырау шалу тегін)

contacts-МӘМБЕТӘЛИЕВА ГҮЛСАНАТ ГАУХАРБЕКҚЫЗЫ
МӘМБЕТӘЛИЕВА ГҮЛСАНАТ ГАУХАРБЕКҚЫЗЫ
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасының үйлестірушісі
contacts-БАЛТИНА АДИНА БАҚЫТҚЫЗЫ
БАЛТИНА АДИНА БАҚЫТҚЫЗЫ
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасының үйлестірушісі
contacts-ТӨЛЕТАЕВА ӘСЕЛ ЕРНАРҚЫЗЫ
ТӨЛЕТАЕВА ӘСЕЛ ЕРНАРҚЫЗЫ
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасының үйлестірушісі

Олимпиада «Тәуелсіздік дәуірі»

  

Әлеуметтік навигатор