news-img

Қазақстандық жастар таңғалдыру мен біздің мақтаныш сезімімізді оятудан жалықпайды. Әйгерім Бимағамбетова сынды жастардың арқасында мемлекетіміздің болашағы баянды, орнықты болады.

Әйгерім Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 4 курс студенті, мұнай-газ ісі бойынша оқып жатыр. Мектепті «Алтын белгімен» бітірген қыз бүгінде өзінің мықты білімін, ғылымға деген шынайы ықыласын айқын көрсетіп отыр, бұған оның көптеген жетістіктері куә. Соның бірі – Британ кеңесі Қазақстанда алғаш рет өткізген «Science Stars» республикалық байқауында жеңіске жетуі.

2020 жылы стипендиат стратиграфия бойынша зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін Сәтбаев оқуларында ұсынды.

Ол академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Universiti Sains Malaysia университетінде оқыды. Ол SPE халықаралық ұйымының мұнай инженерлерінің студенттік қоғамдастығының белсенді мүшесі.

Қазақстан ғылымын дамытып, қоғамға пайдалы болғым келеді. Ғылымды дамытқанда ғана әлем дамуы мүмкін. Ғылым бізді емдейді, қоректендіреді, қорғайды, – дейді Әйгерім Бимағамбетова.

Ол стипендияға ие болуы үшін байқауға қатысу туралы  Қордың әлеуметтік желідегі парақшасынан біліпті. Әйгерім үшін құжат жинап, өтініш толтыру қиын болмаған.

– Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты болу – еңбегіңіздің жоғары бағаланғанын білдіреді. Егер өзіңізге ұнайтын іспен және пайдалы істермен айналыссаңыз, онда стипендия одан әрі дамуға ынталандыру және көмек болады. Мен бұған сенімдімін, – деді қазақстандық талантты ару.

Әйгерім өз құрдастарын қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, үнемі жаңа білім алуға ұмтылып, 100% зейін қойып, ашық болуға шақырады.

Түсініктеме қалдыру