news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 18.02.21 - кез келген елдің әлеуеті мен перспективалары, әдетте, оның мәдениеті мен ғылымының дамуы арқылы бағаланады. Бұл ретте ең алдымен жастардың, талантты және айқын мақсаты бар адамдардың рөлі алдыңғы сапқа шығады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры үздік музыканттарды, суретшілерді, ғалымдарды, дәрігерлерді үлкен жомарттықпен марапаттайды.

«Музыка бұл ғаламның баға жетпес сыйы. Әлемді музыкасыз елестету мүмкін емес». Композитор, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты Біржан Хасанғалиев осылай деп есептейді.

- 2013 жылы берілген Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты атағы мен үшін ең жоғары награда, менің еңбегімнің бағалануы болды. Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен оқиға. Лауреат атағы маған өзіме және өз күшіме деген сенімділікті және жаңа шекараларды игеруге шығармашылық серпін берді. Мен Қордың лауреаттары мен стипендиаттарына жарқын болашаққа жол ашылатынына сенімдімін, - дейді дарынды қазақстандық.

Бұл шынымен де солай. Біржан Хасанғалиев бес жылдан бері П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін басқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол өз мақсатына жете алатын талантты, беделді көшбасшыға айналды.

Кеше ғана өзі студент болған туған alma mater үшін осы аралықта қаншама жұмыс атқарылды!

Біржан Ескендірұлының бастамасымен және оның жеке қатысуымен жүзеге асырылған ауқымды шығармашылық жобалардың арқасында колледж педагогтары мен талантты студенттері туралы еліміздің шекарасынан тыс елдерде біледі.

Бұл жобалардың көпшілігі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдауының арқасында жүзеге асырылды.

- Мен ел тәуелсіздігінің барлық жылдарында жастар бастамаларын дамытуға және жастардың ғылым, инновация және мәдениеттегі қабілеттерін қолдауға ерекше көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен алғысымды білдіремін. Қазақстанда шығармашылық тұлғаның өзін-өзі танытуына барынша қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда, - деп қорытындылады сөзін Біржан Хасанғалиев.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру