Қазақстанның өңірлік мектептерінде робототехника мен инженерия бағытындағы заманауи білім беру кеңейіп келеді
«Ozyq urpaq» ауқымды білім беру бағдарламасы қазақстандық оқушыларға робототехника бағытындағы озық білім беруді жалғастырып келеді.



Петропавл, Павлодар және Талдықорғанда жобаның жүзеге асырылу кезеңі қорытындыланды. Аталған қалаларда жоба былтыр қарашадае 2026 жылдың мамырына дейін іске асырылды. Осы уақыт аралығында 15 жалпы білім беретін мектептің мыңнан астам оқушысы робот құрастыру, бағдарламалау, электроника және инженерия салалары бойынша білім алды.



«Алдымен біздің мамандар өңірлердегі мектеп мұғалімдерін оқытып, жаңа білім береді. Кейін педагогтер сол білімді оқушыларға сабақ барысында үйретеді. Биыл 35 мұғалім балаларға дәріс өткізді. Жобаға 4 жылдан бері демеушілік қолдау көрсетіп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорына алғыс білдіреміз», - Robotek робототехника мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков.



Оқу аяқталғаннан кейін оқушылар алған білімдерін өңірлік робототехника турнирлерінде сынап көруге мүмкіндік алады. Әр өңірдегі іріктеу кезеңдерінің үздік екі командасы Grand Tournament Astana халықаралық турниріне қатысады.



Жобаның әр маусымы оған қатысқан барлық мектепке сертификаттар мен robotek.kz білім беру платформасына бір жылдық жазылым табыстаумен аяқталады.



Жалпы, жоба жүзеге асырылған 4 жыл ішінде 11 қала мен 55 мектеп қамтылып, 4040 оқушы жаңа білім алды, ал 133 мұғалім біліктілігін арттырды.

