news-img

Астанада Президенттік орталықта қазақтың көрнекті суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Көктем әуені» көрмесі өтуде.

Көрме Наурыз мейрамы қарсаңында ашылды. Көрмеге Астананың 20 кәсіби суретшісінің 40 жұмысы қойылған. Олардың ішінде: Қалимова-Қастеева Д., Сейітхамза Ж., Ысқақбек С., Бекішева А., Әубәкір А., Нүгербек Ж., Аманбаев М., Тілеулиев О., Баймұханов Қ., Слабоспитская В, Маханбетов С., Әріпов Б., Баяндин А., Бүрдесбеков Б., Қадырбаев А., Байтенов М., Ачилов И., Пирожков В., Муллашев Қ., Имаш А. секілді суретшілердің туындыларын көруге болады.

Әр суретшінің шығармашылығы ерекше. Суретшілер өз туындыларында жаңаруды – қиындықтарды жеңу арқылы жаңа жақсы жетістіктерге жетуді, көтеріңкі көңіл-күйді, үйлесімділікті, сүйіспеншілікті, табиғат сұлулығын көрсетеді. Көрмеде қазақ мәдениетінің құбылыстарын бейнелеуге ерекше көңіл бөлінген.

Ұсынылған жұмыстар әртүрлі техникалар мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы жағынан алуан түрлі.

Астана суретшілер одағы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Президенттік орталық ұйымдастырған көрме 2024 жылдың 5 сәуіріне дейін жалғасады.

Түсініктеме қалдыру