Қор стипендиаты Ерболат Болатов: Энергия, шығармашылық және әлемге деген ерекше көзқарас – бұл жарқын болашақ құруға қажет нәрсе
Ерболат Болатов Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Тарих» факультетін бітірген. Тарихи зерттеуге, саясат, демография мен археологияға қызығады. Спортпен де шұғылданады. Биыл Сочи қаласында өткен Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысқан, білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті-2023» медалімен, сондай-ақ I дәрежелі дипломмен марапатталған. Патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Қазақстан патриоттары» қоғамдық медалімен марапатталған. Барнаулдағы түркітанушы және алтайтанушы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.