contest-img

Жобаның мақсаты: әлеуметтанушыларға баса назар аудара отырып, көп салалы бейіндегі зерттеушілерді дайындау. Жоба қатысушыларының мәліметтерді жинау мен талдаудың заманауи әдістерімен жұмыс істеу құзыреттілігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мектепке қатысушылар заманауи әлеуметтік ғылымдарда кеңінен қолданылатын әдістер мен теориялармен танысады. Қатысушылар мектепті бітіргеннен policy-oriented зерттеулерін жүргізеді. Сондай-ақ бұл жоба пікірлес адамдарды табуға арналған платформа ретінде жұмыс жасайды және қызығушылық танытқан салалардағы сарапшылармен кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама 4 оқу модулінен тұрады, олардың әрқайсысы екі күндік ворк-шоп пен 2 онлайн курсты қамтиды. Мектептегі оқытушылар құрамы Қазақстаннан, АҚШ-тан, Ресейден, Нидерландыдан, Израильден, Украинадан және Түркиядан келген 20-дан астам оқытушыдан, тәлімгерлер мен ғылыми жобалардың кураторларынан тұрады.

Оқыту бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі мамандарға қойылатын жаңа талаптарды, соның ішінде datascience дағдыларын оқытуды ескере отырып құрылған. Сонымен қатар тыңдаушылар «R-де бағдарламалау», «Кеңістіктік талдау», «Желілік талдау» және сол сияқты басқа да курстар бойынша онлайн оқу курстарынан өтеді.

Оқу бағдарламасында білім беру, жұмыспен қамту, криминология, урбанистика, гендерлік зерттеулер және т.б. салалардағы тыңдаушылардың сараптамасын арттыруға көп көңіл бөлінеді.

Жоба 2023 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

Жоба сайты: https://sociologylab.kz/

contacts-ӘЛИЯ МҰРАТҚЫЗЫ САРСЕКЕЕВА
ӘЛИЯ МҰРАТҚЫЗЫ САРСЕКЕЕВА
«KazakhstanSociologylab» әлеуметтанушылар мектебінің басшысы

«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебі

1234567

Әлеуметтік навигатор