contest-img
 

Қордың әлеуметтік іс-шаралары мен қайырымдылық акциялары жыл сайын 15 мыңнан астам адамның басын қосады. Игі бастама демеушілік танытып, халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан жандарға қайырымдылық көмек көрсетеді. Көптеген әлеуметтік жоба дәстүрге айналды, мұны қазақстандық танымал спортшылар, әртістер мен қоғам қайраткерлері қолдап отыр.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған іс-шаралар

Біз шайқас даласында мерт болғандарды ұмытпаймыз және аман қалғандарды құрметтейміз. Біз халқымыздың ерлігі туралы есімізде сақтаймыз және осы естелікті ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз.

Жауынгерлік атақ залдары мен мұражайларының байқауы

“Жады эстафетасы: есте сақтаймыз және құрметтейміз” – бұл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлауға арналған жауынгерлік даңқ залдары мен мұражайлар байқауы. Оған Алматының отыз жеті білім мекемесі қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына құрмет көрсету, сондай-ақ балалар мен жастар арасында патриотизм сезімін нығайту. Тоғыз жауынгерлік даңқ залы жеңімпаз атанды. Олардың жетекшілері соғыс ардагерлерінің қолынан жеке өз сыйлықтарын алды.

Ардагерлерге құрмет көрсету

9 мамыр күні Қор Жеңістің 70 жылдығын тойлауға орай қабылдау ұйымдастырды. Астанадағы Отан Қорғаушыларының алаңына Қазақстанның барлық өңірлерінен ҰОС ардагерлері шақырылды. Әр ардагер естелік сыйлықтар алды. Олар үшін ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлерінің орындауында әскер жылдарындағы әндер концерті өткізілді.

 

Бір халық, бір ел, бір тағдыр

«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» — бұл қазақстандық тарихтың атаулы және драммалық эпизодтары туралы әлеуметтік роликтер сериясы.

Ұлы Отан соғысы, саяси қуғындар, Қазақстанға халықтарды күштеп аудару, қиын 90-жылдар – осы тақырыптардың әрқайсысына жеке фильм арналды. Жоба әр қазақстандықтың жүрегінен орын тапты, сондай-ақ Берлиндегі, Киевтегі және Бішкектегі әлеуметтік жарнамалардың беделді фестивальдерінде марапаттарға ие болды.

Жаңа жыл шыршасы

Қор жыл сайын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізеді. Мерекелік іс-шара балалар үйінің, түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін, сонымен бірге, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың басын қосты. Кішкентай қонақтар керемет концерттік бағдарлама көріп, би, ойындар, байқауларға қатысып, Аяз Ата мен Ақшақардың жаңа жылдық тәтті сыйлықтарын алады.

Балаларға арналған қысқы спорт ойындары

Алғаш рет балалардың қысқы спорт ойындары 2016 жылы өтті. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін құрылған қордың бірегей әлеуметтік жобасы. Іс-шараға балалар үйінің тәрбиеленушілері, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысады.

contacts-Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы
Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы
Жобаның басты үйлестірушісі
contacts-БУЛХАИРОВ СЕРИК МАМЫРОВИЧ
БУЛХАИРОВ СЕРИК МАМЫРОВИЧ
Жобалық офисінің аға үйлестірушісі

Әлеуметтік іс-шаралар

           

Әлеуметтік навигатор