Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Тұңғыш Президент музейі көшпелі көрме мен кинокөрме ұйымдастырды
Тұңғыш Президент музейі Қадыр Мырза Әли атындағы BINOM мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған көшпелі іс-шаралар өткізді.
Қордың стипендиаты Әнел Әубәкірова мемлекеттік гранттың иегері атанды
Астанада салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, Әнел Әубәкірова «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының «Мәдениет» номинациясы бойынша иегері атанды. Бұл грант ғылым, мәдениет және қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ең дарынды әрі мақсатшыл қазақстандық жастарға беріледі.
Тұңғыш Президент музейінде «Мен музыканы бейнелеймін» іс-шарасы өтті
Тұңғыш Президент музейі «Диалог өнері» мәдени-көрме жобасы аясында «Мен музыканы бейнелеймін» атты іс-шара ұйымдастырды.
Алматыда өткен конференцияда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселелері талқыланды
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы Конвенцияның қабылданғанына 45 жыл толуына орай Алматыда XVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Әйелдер мен балалардың құқығын қамтамасыз ету және қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстан мен шетелдердің тәжірибесі» атты форумды Әділет жоғары құқық мектебі мен Каспий университетінің Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырды.
Алматыда ұлттық консерваторияның мерейтойына арналған гала-концерт өтті
23 қарашадан 3 желтоқсанға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында 38 іс-шарадан тұратын ауқымды марафон ұйымдастырды. Бұл музыкалық мәдениетке қосылған үлкен үлес болды, ал мерейтойлық бағдарламаның шарықтау шегі — Республика Сарайындағы гала-концерт аншлагпен өтті.
«Qolqanat» қайырымдылық акциясындааясында 2000 отбасыға көмек көрсетілді
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ең басты бағыттарының бірі – қайырымдылық көмекті жүзеге асыру.
«Дағдыларды дамыту – мүмкіндіктерді арттыру»: дағдыларды дамытамыз, болашақты құрамыз
Ақтау қаласында қолға алынған «Дағдыларды дамыту – мүмкіндіктерді арттыру» жобасы жастарды қолдауға және олардың кәсіби әрі тұлғалық дағдыларын дамытуға, сәтті жұмысқа орналасуына және өзін-өзі танытуына бағытталған. Бұл әлеуметтік жобаны «Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауының арқасында ұйымдастырды.
Тұңғыш Президент Музейінде «Тәуелсіздік шежіресі. 1 желтоқсан 1991 жыл» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Музейде қазіргі Қазақстанның қалыптасуына әсер еткен аса маңызды оқиғаларды зерделеуге бірегей мүмкіндік беретін көрме ашылды.
Шымкенттегі «QH» жаңа орталығы: енді сапалы оңалту балалар үшін қолжетімді
27 қарашада Шымкентте жүйке-ортопедиялық бұзылысы бар балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева және «Қамқорлық Қоры» ҚҚ директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Ақтауда ҮЕҰ-ға қаржылық қолдау көрсетілді, ал педагогтарға білім беру жобалары таныстырылды
Маңғыстау облысында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауқымды бағдарламаны жүзеге асырды. Мұнда Қор күндері аясында жастарға арналған білім беру жобаларының таныстырылымы, шеберлік дәрістері, тренингтер өткізілді, оңалту орталықтарына бару және белсенді ҮЕҰ-ға материалдық қолдау көрсету ұйымдастырылды.
«Баршаға арналған бизнес – кіру тегін» жобасы: ауылдағы өзгерістерге қадам
«Баршаға арналған бизнес – кіру тегін» жобасын «Жауқазын» қоры жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агротехнологияларға тәжірибелік түрде оқыту. Ол Павлодар облысының Сарышығанақ қолға алынып, Қызылжар ауылдық округінің басқа да елді мекендерін қамтиды.
Астанада «QazDatathon» республикалық байқауы өтті
«QazDatathon» байқауы – әлеуметтік-экономикалық саясат шараларын әзірлеу мақсатында үлкен деректерді қолдану бойынша 2022 жылдан бері өткізілетін жыл сайынғы ұлттық байқау. Іс-шараның мақсаты – деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешім қабылдау тәжірибесін танымал ету.
Білімнен – жетістікке: Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттары марапатталды
2024 жылы 13 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның дарынды жастарын қолдаудағы маңызды оқиғаға айналды.
Батыс Қазақстан облысында білім беру мен әлеуметтік жобалар таныстырылды
Батыс Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері өтті. Іс-шаралар барысында Қор өкілдері өңірдің оқушыларына, студенттеріне және оқытушыларына түрлі жобаларды таныстырып, шеберлік дәрістерін ұйымдастырды, балаларды оңалту орталықтарына барды және ҮЕҰ-ға қаржылай қолдау көрсетті.
Батыс Қазақстан облысының педагогтарына білім беру жобалары таныстырылды
«El Úmiti» корпоративтік қорының роуд-шоуы аясында Батыс Қазақстан облысының мектеп директорлары мен мұғалімдеріне негізгі білім беру жобалары таныстырылды.
Оралда Oral open пікірталас турнирі өткізілді
Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндерінің маңызды бөлігі ретінде Oral open пікірталас турнирі мен пікірталас бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларды Debat Eli қоғамдық қоры өткізді.
Батыс Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері өтіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында Қор өкілдері өңірдің оқушыларына, студенттеріне және мұғалімдеріне жобасын таныстырып, олар үшін шеберлік дәрістерін ұйымдастырып, балаларға арналған оңалту орталықтарын аралап жүр.
«Ozyq Urpaq» - оқушылардың білімін нақты жетістікке айналдыратын жоба
Еліміздің үш қаласында «Ozyq Urpaq» білім беру жобасы басталды. 2024 жылы 30-31 қазанда Өскемен, Ақтөбе және Орал қалаларында мемлекеттік мектептерде робототехникалық білімді дамытуға, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курстарының тұсаукесері мен салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Республика күніне орай мектеп оқушыларына арналған іс-шаралар өтті
Республика күніне орай, Тұңғыш Президент Музейінің қызметкерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы мектеп оқушыларының білімдерін кеңейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырды.