2025: жады мен жаңғыру арасындағы жыл
2025 жыл Тұңғыш Президент Музейі үшін ерекше серпінді болды. Тарих туралы әңгіме тек көрмелерден тұрмайды: ол сапарлардан, кездесулерден, талқылаулардан, адамдардың шынайы сөздерінен құралады. Біз ел тарихындағы маңызды белестерді жаңаша қырынан таныстыратын жобалар ұсынып, қоғаммен жақындасуға бағытталған мәдени бастамаларды жүзеге асырдық. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – осы жылдың мазмұнын айқындаған негізгі тақырыптар болды.
Заседание Экспертно-методической комиссии Музея Первого Президента
Тұңғыш Президент Музейінің сараптамалық-әдістемелік комиссиясы 2025 жылдағы қызметінің қорытындысын шығарды. Қор жиынтығын – кітаптар, архив материалдары және музейлік мәні бар заттарды толықтыру мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар циклінің қорытындысы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шараларды қорытындылай келе, Музей келушілер арасында бағдарламаның ұмытылмас бөліктерінің біріне айналған интерактивті квиздер ерекше танымалдылыққа ие болғанын атап өтті.
«Astana Sound & Space» музыкалық қонақ бөлмесі: астана тарихы – музыка тілінде
Тұңғыш Президент музейі «Ulttyq Qazyna» мәдени-ақпараттық жобасын жалғастырып, оның аясында музыкалық қонақ бөлменің жаңа форматын іске қосты. Биылдан бастап бұл формат жыл сайын өткізілетін музей алаңына айналады және 1997 жылдың 10 желтоқсаны – Ақмоланың Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған күніне арналған көркем-танымдық жоба ретінде тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.
МУЗЕЙДІҢ КІТАПХАНА ҚОРЫНЫҢ ЖАҢА ТҮСІМДЕРІНЕН
Тұңғыш Президент Музейінің қор жиынтығын кеңейту және тереңдету жөніндегі жұмыстар аясында кітапхана қоры құнды кітап басылымдарымен толықтырылды. Олардың қатарында Құран жинақтары, сыйлық жазбалары бар кітаптар, ҚР Тұңғыш Президентінің белгі қойған кітаптары, эксклюзивті және сирек басылымдар бар.
Кино форматындағы тарих сабағы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент музейі саяси тарихты зерделеуге және өскелең ұрпақтың егемен Қазақстанның қалыптасуы мен даму үдерісін тұтас әрі саналы түрде түсінуін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара өткізеді.
«Тәуелсіздік шежіресі. 2010 жылғы 1 желтоқсан» атты фотоқұжаттық көрме.
Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні қарсаңында Музей «Тәуелсіздік шежіресі. 1 желтоқсан 2010 жыл» архивтік фотоқұжаттық көрмесін ұсынады.
Музей серіктестігінің жаңа көкжиектері: Алматы музейлер бірлестігімен Меморандумға қол қойылды
Тұңғыш Президент Музейі Қала музейлері бірлестігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Музей қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивіне жұмыс сапары
«Тұңғыш Президент музейі» КҚ қызметкерлері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінде жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында тараптар архивтік құжаттарды қабылдау, тіркеу және ұзақ мерзімді сақтау, ғылыми-анықтамалық аппаратты қалыптастыру, сондай-ақ аудиовизуалды материалдарды цифрландыру технологиялары бойынша кәсіби пікірлер мен тәжірибе алмасты.
Өткен мен бүгіннің үндестігі: «Тамыр-Уақыт» көрмесі – ұлттық кодтың көрінісі
Тұңғыш Президент музейінде Камила Жапалованың «Тамыр-Уақыт» атты жеке көрмесі ашылды.
Тұңғыш Президент Музейі суретші-реставраторының авторлық альбомы Франкфурттағы халықаралық кітап жәрмеңкесінде таныстырылды.
2025 жылдың қазан айында әлемдік кітап баспа индустриясындағы ең беделді және ауқымды алаңдардың бірі – Франкфурт кітап жәрмеңкесі аясында заманауи қазақ әдебиетінің және баспа ісінің даму бағыттарын бейнелейтін шамамен 350 кітапты қамтыған Қазақстанның ұлттық стенді ұсынылды. Солардың қатарында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші-реставратор, кескіндемеші және график Женис Какенұлы Нұрлыбаевтың авторлық альбомы таныстырылды. Әлемдік ірі баспа форумына қатысу халықаралық аренада заманауи қазақстандық өнерді ілгерілетудегі маңызды кезең болды.
Астанадағы №35 мектеп-лицейінде «Егемендік – Тәуелсіздік негізі» атты дәріс-экскурсия өтті
2025 жылғы 21 қазанда Астана қаласы әкімдігінің Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент Музейінің «Тарих парақтары» ақпараттық жобасы аясында «Егемендік – Тәуелсіздік негізі» атты көшпелі дәріс-экскурсия өтті.
Заманауи өнер мен түркі мифологиясы: Астанада «Türki Baği» көрмесі өтіп жатыр
Назарбаев орталығында «Türki Baği» атты заманауи өнер көрмесі ашылды. Көрмені Tan Art Residency ұйымы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Тұңғыш Президент музейінің және К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қолдауымен ұйымдастырған.
Тұңғыш Президент Музейінің делегациясы Франкфурттегі кітап жәрмеңкесіне қатысты
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің делегациясы мәдениет, білім беру және баспа ісі саласындағы ең маңызды әлемдік оқиғалардың бірі – 77-ші Frankfurter Buchmesse 2025 халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысты.
Идеялар фестивалі: Тұңғыш Президент музейінде Еуразияның үздік сәулетшілері бас қосты
132 объекта архитектуры, представленные 15 профессиональными союзами архитекторов из стран СНГ и Сербии, — таков масштаб Международного фестиваля архитектуры «Астана-2025».
Тұңғыш Президент Музейінің қорына жаңа экспонат табысталды
Тұңғыш Президент музейі қорына Бүрлен Әділетқызының велосипеді салтанатты түрде табысталды. Бұл велосипед оның ерекше сапары мен тарихи Отанына деген шынайы сүйіспеншілігінің нышанына айналды.
Астанада «Өнерім – арман қанатым» көрмесі ашылды
Астанадағы Тұңғыш Президент музейінде қазақ халқының тарихына, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдени болмысын айшықтайтын, сондай-ақ заманауи көркемдік бағыттарға арналған 48 туынды ұсынылды.
«Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер» виртуалды көрмесі
Ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы және ұлттық жазба әдебиеттің негізін қалаушы – Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай, «Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер» виртуалды көрмесін ұсынамыз.
Замандастар көзімен: Тәуелсіздік шежіресі
Тұңғыш Президент музейінде «Тәуелсіздік шежіресі / Летопись независимости» атты көрме ашылды.
Қазақстан мен Астананың дамуы Музей экспозицияларында
Астана күніне орай елордада түрлі мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың ішінде Тұңғыш Президенті музейі ұйымдастырып отырған «Тәуелсіздік келбеті» атты көрмелер топтамасы ерекше маңызға ие.