news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры ағылшын тілі пәнінен олимпиада ұйымдастырды.

Олимпиада дәстүрлі түрде оқу жылындағы қорытындылау болып саналады.

Мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған жарыс proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында киберпрокторингті қолдану арқылы онлайн режимде өтті.

Олимпиадаға қатысу үшін Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде оқитын 11 сынып оқушылары өтініш білдірген. Бас-аяғы 28 мектептен 112 өтінім түскен.

Қор қызметкерлері, оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары білім додасында комиссия мүшелері болды.

Олимпиада тапсырмалары тест және ашық сұрақтар түрінде болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

Байсалбаев атындағы орта мектептің оқушысы Маман Аяла І орын

Әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназияның атынан қатысқан Палтөре Әмина ІІ орын

Әзірбаев атындағы орта мектептің оқушысы Болатқызы Альмира ІІІ орын жеңімпазы атанды.

Түсініктеме қалдыру